Ақтау қаласы ішкі істер басқармасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шара өтті
Курс валют в Актау
на 26/06/2019
 
377.33
380.79
 
428.47
432.94
 
5.94
6.09
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
26 Июня, 12:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласы ішкі істер басқармасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шара өтті

11 Августа 2015 (16:10) | 1558 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің маманы Шолпан Юлдашеваның хабарлауынша, «Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

 

Мерекелік жиынның мақсаты-Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ халқының мемлекеттігін таныту, жастарды патриотизмге тәрбиелеуге ықпал ету және қазақстандықтар арасында мемлекеттілік, тәуелсіздік, жаңа биіктерге ұмтылу құндылықтарын насихаттау болды.

 

Полиция қызметкерлеріне қазақ халқының жүріп өткен жолдарын, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанға дейінгі қиыншылықтары мен жетістіктерін тереңірек түсіндіру мақсатында еліміздің бүкіл тарихын бейнелеген слайд көрсетілді.

 

Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Р.Гайсина атаулы оқиғаға арналған шараны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рольге ие»- деген қанатты сөзімен бастады.

 

 Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті».

 

Баспасөз қызметі өкілінің мәлімдеуінше, «Шараның бірінші бөлімінде ел тәуелсіздігінің ширек ғасырға жуық шежіресінде өркениеттік даму үрдісімен төрткүл дүниені таңдандырған Қазақстанның даму тарихы, сонау қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге ыдырап, жойылып кетуіне қарсы әрекет жасап, хандардың басын қосуына Жошы ұрпақтары – Керей мен Жәнібектің елеусіз үлесі, олар құрған қазақ хандығының ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аймағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған ел болып қалыптасуын аяқтауда аса маңызды және түбегейлі роль атқарғандығы атап көрсетілді.

 

Сол зар заманда өмір сүрген батырлардың шалт қимылын, батырлыққа лайық аршын, адуын мінездерімен жеткізген, Исатай өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбеттің екі батырға арнаған «Жұмыр қылыш» күйін полиция қызметкері Мұхаметжан Райымбек нақышына келтіре орындады.

 

 

Салтанатты жиынның екінші бөлімінде жас ұрпақтың - бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушылар, қазақ халқының - бай тарихы бар атамекені, «мың өліп мың тірілген», азаттық алған ел екендігі баса айтылды.

 

Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметі болса керек-ті. Пікіріміздің дәлелі Елбасының: «Біздің тарихымыз – бұл бірлік пен тұтастық тарихы» - деген сөзі.

 

Біздің ата-бабаларымыз еліміздің аумақтық тұтастығын, ұрпақтарының ашық аспан астында мәңгі және тыныш өмірін армандап және соның жолында тынбай күресіп өтті. Елбасының басшылығымен болашаққа сеніммен қарайтын қазіргі Қазақстан – бұл барлық ұрпақтың арманына айналған қасиетті құндылық және бүгінде осы Тәуелсіздігімізді қорғау мен нығайту әрбір азаматтың міндеті.

 

Жас ұрпақтың патриотық рухын көтеру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара «Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбында дайындалған деректі фильмнің көрсетілімімен аяқталды».

 

- Облыс көлемінде Қазақ хандығының тарихына арналып өткізіліп жатқан көптеген ғылыми-тәжірибелік конференциялар, театрландырылған көріністер, мұражайлар мен кітапханалардағы көрмелер, басқа да тарихи шаралар бүгінгі жас буын өкілдерінің ел тарихын, ата-баба ерлігін дәріптеп, ұлт көсемдерін тануына, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең ұғынуына және бағалай білуіне жетелейді,-дейді Маңғыстау облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің маманыШолпан Юлдашева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему