Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті
16 Марта 2018 (20:07) | 2411 | Автор: Нурганым Имашева
2018 жылдың 12наурызындаҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысына тәртіптік жауапкершіліктері қаралатын тұлғалар, есебі тыңдалатын мемлекеттік орган басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде барлығы 6 мәселе, оның ішінде 3 тәртіптік істер қаралды.
Атап айтқанда, Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй комиссиясының мүшелері - қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Н.Мустафаевқа, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Джантлеуоваға және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары М.Хажгереевке қатысты тәртіптік істер.
Соның ішінде, көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үйін жекешелендіру мәселесі бойынша жұмысшы органы мен тұрғын үй комиссиясы тарапынан 2 ай бойы қызмет алушыны әуре-сарсаңға салып, оның заңды мүддесін бұзып, тек оның бірнеше рет шағымдануынан кейін ғана тиісті шешім қабылдау арқылы заңбұзушылыққа жол бергені үшін Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй комиссиясының мүшесі – Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Джантлеуоваға Әдеп кодексінің талабына сәйкес «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Ал, Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Н.Мустафаевтың өз еркімен мемлекеттік қызметтен босатылуына байланысты оған қатысты тәртіптік іс қысқартылды.
Келесі тәртіптік іс Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары М.Хажгереевке қатысты болды.
Кеңес мүшелері тексеру құжаттарын талқылай келе, М.Хажгереевтың Астана қаласында іс-сапарда болған кезінде Әдеп кодексі талаптарын тиісті деңгейде сақтамағы үшін «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолдану жөнінде шешім қабылдады.
Бұдан басқа, Маңғыстау облысындағы жергілікті атқарушы органдарда 2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жай-күйі туралы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы А.Рзахановтың, Ақтау қаласы әкімі аппаратының, Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Калмуратованың және Маңғыстау облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарының орындалысы бойынша Департамент басшысы Б.Утесиновтыңесептері тыңдалды.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мәжіліске қатысқан мекеме басшыларының есептерін назарға ала отырып, қызмет барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаларының және Әдеп кодексі талаптарын басшылыққа алу бойынша бірқатар тиісті жұмыстар мен атқарылатын шаралар жөнінде ұсыныстар қабылдады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
Суреттерді ұсынған Департаменттің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему