Заңсыз жанармай тасымалдаған
4 Марта 2017 (23:35) | 1693 | Автор: Мира Ботабекова
Бейнеу аудандық сотында ҚР ҚК-нің 197-бабының 1-бөлігімен (мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, К. өзінің жүргізуіндегі автокөлігімен, шығарылу заңдылығын растайтын құжатсыз 3 дана 1000 литрлік пластмасса бөшкеге құйылған 3000 литр дизель отынын заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.
Сот үкімімен К. жоғарыдағы баппен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 226 900 теңге айыппұл салынып, 3000 литр дизель отыны мемлекет кірісіне өндірілген.Үкім заңды күшіне енген жоқ. Бұл туралы Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі хабарлайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему