По применению социального налогового вычета по ИПН
28 Июля 2026 (12:54) | 1
|
Автор: Редакция
Департамент государственных доходов по Мангистауской области информирует, что в соответствии с частью первой пункта 1 статьи 404 Налогового кодекса социальные налоговые вычеты в размере 5000 МРП за календарный год вправе применить лица с инвалидностью первой, второй группы, а также 882 МРП за календарный год для лиц с инвалидностью третьей группы, ребенка с инвалидностью, одного из родителей, опекунов, попечителей ребенка с инвалидностью и др.
Фото: Magnific.com
Частью первой пункта 3 статьи 437 Налогового кодекса установлено, что физическое лицо вправе применить базовый налоговый вычет только у одного налогового агента. Аналогичное ограничение по применению социального налогового вычета в Налоговом кодексе не установлено.
По основаниям, установленным пунктом 4 статьи 437 Налогового кодекса предусмотрено последовательное применение суммы социального налогового вычета при переходе от одного налогового агента к другому на основании справки о расчетах с физическим лицом, выданной налоговым агентом.
В связи с поступающими обращениями о возможности применения лицом с инвалидностью социального налогового вычета у двух и более работодателей, данный вопрос вынесен на обсуждение.
В соответствии с пунктом 2.2 Протокола заседания Проектного офиса по внедрению нового Налогового кодекса под председательством Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики Республики Казахстан Жумангарина С.М. от 8 июля 2026 года одобрен подход, предусматривающий возможность применения социального налогового вычета одновременно у двух или нескольких налоговых агентов на основании поданного заявления физического лица в пределах установленного лимита.
Жеке табыс салығы бойынша әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану туралы
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 404-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес күнтізбелік жыл үшін 5000 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік салықтық шегерімді бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ күнтізбелік жыл үшін 882 АЕК мөлшеріндегі шегерімді үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылары, қамқоршылары және т.б. қолдануға құқылы екенін хабарлайды.
Салық кодексінің 437-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жеке тұлға базалық салықтық шегерімді тек бір салық агентінде ғана қолдануға құқылы. Әлеуметтік салықтық шегерімді қолдануға қатысты мұндай шектеу Салық кодексінде белгіленбеген.
Салық кодексінің 437-бабы 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша салық агенті берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама негізінде бір салық агентінен екіншісіне ауысқан кезде әлеуметтік салықтық шегерім сомасын бірізді қолдану көзделген.
Мүгедектігі бар адамның әлеуметтік салықтық шегерімді екі және одан да көп жұмыс берушіде қолдану мүмкіндігі туралы келіп түсетін өтініштерге байланысты аталған мәселе талқылауға шығарылды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылғы 8 шілдеде өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық офис отырысы хаттамасының 2.2-тармағына сәйкес жеке тұлғаның берілген өтініші негізінде белгіленген лимит шегінде әлеуметтік салықтық шегерімді екі немесе бірнеше салық агентінде бір мезгілде қолдану мүмкіндігін көздейтін тәсіл мақұлданды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



