Жаңаөзенде электрондық кезекті алдын ала брондау бойынша пилоттық жоба іске қосылады
7 Июля 2026 (11:45) | 1
|
Автор: Редакция

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
2026 жылғы 7 шілдеден бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының Жаңаөзен қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімінде «Нотариаттық куәландырылмаған мәміле жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» қызметі бойынша бірыңғай электрондық кезекті алдын ала брондау пилоттық жобасы іске қосылады.
Бұл бастама азаматтарға мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық кезекті алдын ала брондап, өзіне қолайлы күн мен уақытты таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қызмет көрсету үдерісін оңтайландыруға, күту уақытын қысқартуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Еске сала кетейік, Жаңаөзен қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы Шұғыла шағынауданы, 29А мекенжайында орналасқан. Азаматтарды қабылдау дүйсенбі–жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.
В Жанаозене стартует пилотный проект по бронированию талонов единой электронной очереди в ЦОН
С 7 июля 2026 года в Центре обслуживания населения города Жанаозен филиала НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по Мангистауской области запускается пилотный проект по предварительному бронированию электронных талонов очереди на государственную услугу «Совершение нотариально неудостоверенной сделки и государственная регистрация прав на недвижимое имущество».
Новый сервис позволит гражданам заранее забронировать талон и выбрать наиболее удобное время для получения государственной услуги. Это будет способствовать оптимизации процесса обслуживания, сокращению времени ожидания, а также повышению доступности и качества оказываемых государственных услуг.
Напомним, ЦОН города Жанаозен расположен по адресу: микрорайон Шугыла, здание 29А. Прием граждан осуществляется с понедельника по пятницу с 09:00 до 18:00.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



