В бригаде морской пехоты прошёл День открытых дверей
20 Апреля 2026 (17:26) | 1
|
Автор: Редакция
В бригаде морской пехоты, расположенной в Актау, ярко и насыщенно прошёл День открытых дверей. Участниками мероприятия стали более 180 школьников 9–11 классов, которые с большим интересом погрузились в атмосферу военной службы.
В ходе программы учащиеся познакомились с жизнью и бытом военнослужащих срочной службы: посетили казарму, столовую и учебно-тренировочные классы. На выставке оружия сил специальных операций ребята смогли не только увидеть, но и подержать в руках современные образцы вооружения, узнать об их характеристиках и применении.
Особый интерес вызвало знакомство с военной техникой морской пехоты. Школьники побывали внутри бронетранспортеров (БТР) и другой техники, что позволило им на практике увидеть работу военных подразделений. Также они опробовали тренировочные тренажёры, почувствовав себя в роли настоящих военнослужащих.
Неотъемлемой частью программы стал обед в солдатской столовой: участники попробовали блюда армейской кухни, что вызвало у них положительные эмоции.
Практическая часть мероприятия включала соревнования по разборке и сборке оружия и перетягивание каната. По итогам дня были определены лучшие участники и команды, которые были награждены.
Своими впечатлениями поделился ученик 10 класса школы №28 Бахтияров Нурсултан:
«Мероприятие прошло очень интересно. Мы увидели, как живут военнослужащие, подержали оружие, побывали внутри техники. Особенно понравилось находиться внутри БТР. Теперь я лучше понимаю, насколько непроста, но важна служба. Если будет возможность, я хотел бы в будущем служить именно в бригаде морской пехоты», – отметил он.
День открытых дверей прошёл в дружеской и познавательной атмосфере, оставив у школьников яркие впечатления и живой интерес к военной службе.
Ақтау қаласында орналасқан теңіз жаяу әскерлері бригадасында Ашық есік күні жоғары деңгейде әрі ерекше атмосферада өтті. Іс-шараға қала мектептерінің 9–11 сыныптарында оқитын 180-нен астам оқушы қатысты.
Бағдарлама барысында жас қонақтар әскери қызметтің тыныс-тіршілігімен жақын танысты. Олар казарманы, асхананы, оқу-жаттығу сыныптарын аралап, сарбаздардың күнделікті өмірін өз көздерімен көрді. Оқушылар үшін арнайы дайындалған қару-жарақ көрмесінде арнайы операциялар күштерінің заманауи қаруларын ұстап көріп, олардың ерекшеліктері туралы ақпарат алды.
Іс-шараның ең қызықты бөліктерінің бірі – әскери техникалармен танысу болды. Оқушылар бронетранспортерлердің (БТР) және теңіз жаяу әскерлерінің басқа да әскери техникаларының ішіне кіріп, олардың құрылымымен танысты. Сонымен қатар арнайы жаттығу тренажерларын байқап көріп, өздерін нағыз сарбаз ретінде сезінді.
Қонақтар сарбаздардың асханасында түскі ас ішіп, әскери тағамдардың дәмін татып көрді. Бұл сәттер оқушыларға ерекше әсер сыйлап, олардың қызығушылығын арттырды.
Практикалық бөлімде қатысушылар қаруды бөлшектеу және жинау бойынша сайысқа түсіп, сондай-ақ арқан тарту жарысында күш сынасты. Іс-шара соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мен командалар марапатталды. Қаруды жинау және бөлшектеу бойынша ең жылдам әрі дәл орындағандар, сондай-ақ арқан тарту жарысында жеңіске жеткен мектеп анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
№28 мектептің 10-сынып оқушысы Бахтияров Нурсұлтан өз әсерімен бөлісіп:
«Бүгінгі іс-шара өте қызықты өтті. Біз әскери өмірді өз көзімізбен көрдік, қаруларды ұстап көрдік, техниканың ішіне кірдік. Әсіресе БТР-дің ішінде болғаным ұнады. Сарбаздардың өмірі оңай емес екенін түсіндім, бірақ өте қызықты. Егер мүмкіндік болса, мен болашақта дәл осы теңіз жаяу әскерлері бригадасында қызмет еткім келеді», – деді.
Ашық есік күні оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әскери қызметке деген қызығушылықтарын арттырды. Көпшілігі бұл күннің есте қаларлық әрі әсерлі өткенін атап өтті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz















