С начала года более 20 тысяч жителей Мангистауской области изъявили желание получить водительские права
25 Ноября 2024 (15:59) | 1166 | Автор: Редакция
С начала года 21442 жителей Мангыстауской области обратились в специализированный ЦОН для сдачи экзаменов на получение водительских удостоверений. Однако, согласно данным филиала Госкорпорации «Правительство для граждан», лишь 3910 человека смогли получить положительную оценку «сдал».
Экзамены сдаются в следующем порядке: сначала теоретический, затем - практический.На теоретическом экзамене 9918 кандидатов из Мангыстауской области не смогли успешно пройти тестирование, продемонстрировав недостаточную подготовку. Из тех, кто был допущен к практике, 7614 не смогли успешно пройти экзамен.
Жангалиев Нурлан, один из успешно сдавших экзамены, рассказал о своем опыте.
«Теорию сдал с первой попытки, а вот на практике волнение меня подвело. Задание “Крутой подъём и спуск” оказалось непростым, но я сделал выводы и со второй попытки успешно справился. Здесь важно обращать внимание даже на мелочи, такие как настройка зеркал или поворотники. На самом деле если хорошо подготовиться – проблем со сдачей экзаменов нет», — отметил Нурлан.
Следует отметить, что при успешной сдаче двух экзаменов водительские права выдаются в специализированном ЦОНев течение двух часов. Напомним, что согласно новым правилам, введенным в апреле 2024 годадопуск на экзамены можно получитьтолько после окончания автошколы. Собрав необходимые документы, кандидат должен обратиться в спецЦОН г. Актау, расположенный по адресу Промышленная зона 9, уч. 57 и подать заявление на получение водительского удостоверения. После подачи заявления услугополучатель может выбрать дату и забронировать время на сдачу экзамена.
Жыл басынан бері Маңғыстау облысының 20 мыңнан астам тұрғыны жүргізуші куәлігін алуға ниет білдірген
Жыл басынан бері Маңғыстау облысының 21442 тұрғыны жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінген. Алайда, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация филиалының деректеріне сәйкес, тек 3910 адам "тапсырды" деген оң баға ала алды.
Емтихандар келесі ретпен тапсырылады: алдымен теориялық, содан кейін практикалық. Теориялық емтиханда Маңғыстау облысынан 9918 үміткер жеткіліксіз дайындықты көрсетіп, тестілеуден сәтті өте алмады. Практикалық емтиханға қабылданғандардың 7614-і де сынақтан сүрінген.
Емтихандарды сәтті тапсырған Жанғалиев Нұрлан өз тәжірибесімен бөлісті.
"Мен теорияны бірінші әрекеттен тапсырдым, бірақ практикада қобалжып сәтсіздікке ұшырадым. "Тік өрлеу және тік еңіс" тапсырмасы қиын болды, сосын тағы екінші әрекет жасап оны сәтті өттім. Мұнда айналарды дұрыс орналастыру немесе бұрылыс сигналдары сияқты ұсақ-түйектерге де назар аудару маңызды. Шын мәнінде, егер сіз жақсы дайындалсаңыз – емтихан тапсыруда қиындық болмайды", — деп атап өтті Нұрлан.
Айта кету керек, екі емтиханды сәтті тапсырған кезде жүргізуші куәлігі мамандандырылған ХҚКО-да екі сағат ішінде беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың сәуір айында енгізілген жаңа ережеге сәйкес емтиханға рұқсатты автомектепті бітіргеннен кейін ғана алуға болады.
Қажетті құжаттарды жинағаннан кейін кандидат Ақтау қаласының Өнеркәсіптік аймақ 9, 57-учаске мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-ға жүгініп, жүргізуші куәлігін алуға өтініш беруі тиіс. Өтініш бергеннен кейін қызмет алушы күнді белгілеп, емтихан тапсыратын уақытты брондай алады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему