«Правительство для граждан» отмечает 8 годовщину со дня создания: как цифровизация изменила сферу госуслуг
9 Апреля 2024 (15:29) | 1134 | Автор: Редакция
«Азаматтарға арналған үкіметтің» құрылғанына 8 жыл: цифрландыру мемлекеттік қызметтер саласын қалай өзгертті
8 жыл ішінде Мемлекеттік корпорация 302 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 1281 қызмет түрін алуға болады. Оның 41-і қағаз жүзінде, 486 қызмет – қағаз және электронды түрде және 754-і тек электронды түрде көрсетіледі.
2023 жылдың қорытындысы бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің көшін бастаған электрондық цифрлық қолтаңба алу қызметі. Оған 3,4 млн рет тапсырыс берілген. Екінші орынға – көлік құралдарын тіркеу, үшінші орынға – жүргізуші куәліктерін алу орналасты.
Қазіргі таңдағы «Азаматтарға арналған үкімет» - бұл еліміз бойынша 263 ХҚКО мен 25 автодромы бар 30 мамандандырылған ХҚКО (арнайы секторларды қоса алғанда), 7 көші-қон қызметтері орталығы және 35 сектор (сұранысқа ие қызметтерді көрсететін бөлім).
"Азаматтарға арналған үкімет" - халық үніне құлақ асатын мемлекеттің бейнесі. Біз арқылы билікке жүгініп, біз арқылы жауаптар алынады және біздің міндетіміз – тиімді әрі жылдам байланыс орнату. Жақын уақыттағы ең өзекті міндет – қазақстандықтар үшін қолжетімді және неғұрлым ашық цифрлық мемлекет құру.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің тапсырмасы бойынша басқа ведомстволармен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі барлық платформаларды бірыңғай кеңістікке біріктіреміз. ИАЖ ХҚКО 2.0, 1414 байланыс орталығы,eGov.kz, eGov mobile смартфонда, үйдегі компьютерде, оператордың мониторында бір интерфейске ие және кез келген құрылғыдан қызмет алуды бастап, басқа құрылғыдан аяқтауға мүмкіндік береді және қызмет алуды қолжетімді етеді - деді "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
"Азаматтарға арналған үкіметтің" ең ірі жобалары:
- «ХҚКО» мобильді қосымшасының іске қосылуы;
- «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» жүйесінің құрылуы;
- АХАТ қызметінің Мемлекеттік корпорацияға өтуі;
- connection points желісін құру– мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда, мысалы, сауда орталықтарында алу мүмкіндігі;
- жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру ЖЖЕ 3.0 жүйесін енгізу.
Естеріңізге сала кетейік," Азаматтарға арналған үкіметтің" құрылғанына 8 жыл. 2016 жылы 7 сәуірде әділет органдарында жаңа коммерциялық емес акционерлік қоғам тіркелді. Оның міндеті "мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштерді қабылдау және нәтижесін "бір терезе" қағидаты бойынша беру.
«Правительство для граждан» отмечает 8 годовщину со дня создания: как цифровизация изменила сферу госуслуг
За 8 лет Госкорпорация оказала более 302 миллионов государственных услуг.
Через «Правительство для граждан» сегодня можно получить 1281 вид услуг. Из них 41 оказывают в «бумажном» формате, 486 – в бумажно-электронном, и 754 – в электронном виде.
Отметим, что лидером госуслуг по итогам 2023 года стала выдача электронной цифровой подписи – её заказали 3,4 млн раз. На втором месте – регистрация транспортных средств, на третьем – выдача водительских удостоверений.
Добавим, «Правительство для граждан» сегодня – это 263 ЦОНа и 30 спецЦОНов с 25 автодромами (с учётом спецсекторов), 7 центров миграционных услуг и 35 секторов (отделения, оказывающие самые востребованные услуги) ЦОН по всей стране.
«Правительство для граждан» – это воплощение «слышащего государства». Через нас обращаются к власти, через нас получают ответы, и наша миссия – делать эту связь быстрой и эффективной. Самая актуальная задача на ближайшую перспективу – создавать более открытое и доступное цифровое государство для казахстанцев.
По поручению министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности в сотрудничестве с другими ведомствами мы объединим все платформы по оказанию госуслуг в единое пространство. ИИС ЦОН 2.0, контакт-центр 1414, eGov.kz, eGov mobile на смартфоне, на домашнем компьютере, на мониторе оператора будут иметь единый интерфейс и единые процессы – можно начать и продолжать услугу с любого устройства и в любом месте», – рассказал Председатель Правления НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» Арман Кенжегалиев.
Среди знаковых проектов «Правительства для граждан»:
- запуск мобильного приложения «ЦОН»;
- создание системы «Единый государственный кадастр недвижимости»;
- передача функций РАГС Госкорпорации;
- создание сети connection points – точек доступа к государственным услугам в общественных местах, например, в торговых центрах;
- внедрение системы ПДД 3.0 при сдаче экзаменов на знание правил дорожного движения.
Напомним, «Правительство для граждан» отмечает 8 годовщину со дня создания. 7 апреля 2016 года в органах юстиции зарегистрировали новое некоммерческое акционерное общество, задачей которого было «принимать заявления на оказание государственных услуг и выдавать результаты по принципу «одного окна».
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему