Әлеуметтік желілердегі жалған жаңалықтарды қалай тануға болады?
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 04:53
Вход |Регистрация
Главное » Жизнь региона

Әлеуметтік желілердегі жалған жаңалықтарды қалай тануға болады?

19 Июля 2022 (14:16) | 807 | Автор: Редакция

XXI ғасырдың басынан бастап жаңалықтардың таралу жылдамдығы өсіп, ал ақпарат қол жетімді бола бастады, сонымен қатар жалған ақпарат пен жалған жаңалықтар ағындары пайда болды. Жалған жаңалықтар сіздің эмоцияларыңызға жағымды да, жағымсыз да әсер ету мүмкін, сол себепті сенімді дереккөздерінен ақпарат алғаныңыз дұрыс. Өзіңізге қызықты бүгінгі жаңалықтар танымал baq.kz порталынан оқуыңызға болады.

 

Жалған жаңалықтарға тән белгілері

 

Жалған жаңалықтардың таралу үлгілері қоғам үшін өзекті мәнтінінен, табиғи таралуынан әрқашан өзгеше болады, төменде көрсетілген белгілер бойынша жалған жаңалықтарды анықтауға болады:

 

  • әлеуметтік желілердегі жалған жаңалықтарды әшкерелеу, таратушы боттардың мінез-құлқына тән белгілі бір заңдылықтарды анықтау үшін деректерді мұқият талдау қажет;

  • бірдей жазба бір уақытта бір-бірімен байланысты емес аккаунттарда пайда болады;

  • өзара байланысты емес аккаунттарда тараған жазбалардың хэштегтері болмаса, онда ақпараттың фейк арқылы жіберілгенін білдіреді;

  • көптеген қатысушылардың бір моменттік ретвиті (көріністер мен ретвиттердің саны күрт өседі);

  • бір-бірімен өзара әрекеттесетін пайдаланушылардың контентін талдау қажет, егер олардың контенті өзгеше болмаса, яғни бұл ақпарат боттар тобы арқылы таратылады. 

 

Аталған белгілердің кем дегенде біреуі болса, онда контенттің жасанды, автоматтандырылған түрде таратылатындығын білдіреді. 

Жалған жаңалықтардың бренд беделіне әсер етуі

 

Интернеттегі бедел компанияның интернет кеңістігінде адамдардың қабылдауы арқылы анықталады. Оған әлеуметтік желілердегі, форумдардағы, ақпараттық ресурстардағы пікірлер, іздеу нәтижелеріндегі мәліметтер әсер етеді. Компания желідегі оң беделі арқылы көптеген жаңа клиенттерді табына болады, ал теріс беделі бизнесті құртуы мүмкін. 

 

Қазіргі әлемде әлеуметтік медиа компанияларға негізгі аудиторияны тарту және қажетті хабарламаларды тарату бойынша жұмысты жеңілдетті. Алайда, қазіргі таңда әлеуметтік медиа арқылы пайда болатын жалған ақпараттар компанияның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Жалған жаңалықтардың өсуі мен таралуы дағдарысқа қарсы коммуникациялар үшін ерекше сынақ жасады. Бұған әлеуметтік желілерде посттар, суреттер мен иллюстрациялар жасаудың жеңілдігі ықпал етеді. 



Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему