Ақтауда Ұлттық ұланның 250-ден астам әскери қызметшісі Әскери ант қабылдады
Курс валют в Актау
на 10/11/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
10 Ноября, 07:13
Вход |Регистрация
Главное » Все о Мангистау

Ақтауда Ұлттық ұланның 250-ден астам әскери қызметшісі Әскери ант қабылдады

9 Ноября 2026 (12:01) | 1 | Автор: Редакция

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінде Әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада Шымкент, Алматы, Ақтөбе және Тараз қалаларынан келген 250-ден астам жас сарбаз Отанға адал болуға, әскери борышын абыроймен атқаруға және жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауға ант берді.

Жас жауынгерлерге ақжарма тілегін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Бақыт Алазов арнады.

«Бүгін сіздер өмірлеріңіздің ерекше кезеңіне қадам басып, Отан қорғау жолына түсіп отырсыздар. Әскери ант қабылдау – жай ғана салтанатты рәсім емес, халық пен мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілік. Әрқайсыңыз осы жолдан абыроймен өтіп, табандылық, тәртіп пен әскери борышқа адалдық танытатыныңызға сенімдімін», – деді полковник.

Өз әсерімен қатардағы жауынгер Нұртөре Русланұлы бөлісті:

«Бүгін мен үшін ерекше әрі ұмытылмас күн. Әскери ант қабылдай отырып, Отан қорғаушысы ретінде мойныма жүктелген жауапкершілікті терең сезінемін. Ұлттық ұлан қатарына қосылғанымды мақтан тұтамын. Әскери борышымды абыроймен атқарып, жақындарымның сенімін ақтау үшін бар күшімді саламын».

Сарбаздың анасы Гүлнар Башенова да жүрекжарды лебізін білдірді:

«Бүгін біздің отбасымыз үшін толқыныс пен мақтанышқа толы күн. Баламды әскери қызметке шығарып салу оңай болған жоқ. Дегенмен оның әскери киім киіп, Отан қорғаушылар қатарынан көрінуі мен үшін үлкен қуаныш. Оған мықты денсаулық, төзімділік және әскери қызметте сәттілік тілеймін».

Әскери ант қабылдау – жас жауынгерлердің Отан мен халық алдындағы жауапкершілігін айқындайтын маңызды қадам. Алда сарбаздарды жауынгерлік даярлық, әскери мамандықтарды меңгеру және кәсіби шыңдалу кезеңі күтіп тұр.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему