Антикоррупционный мониторинг
15 Января 2025 (10:34) | 146 | Автор: Редакция
Антикоррупционный мониторинг – деятельность субъектов противодействия коррупции по сбору, обработке, обобщению, анализу и оценке информации, касающейся эффективности антикоррупционной политики, состояния правоприменительной практики в сфере противодействия коррупции, а также восприятия и оценки уровня коррупции обществом.
Целью антикоррупционного мониторинга является оценка правоприменительной практики в сфере противодействия коррупции.
Источниками антикоррупционного мониторинга являются правовая статистика и обращения физических и юридических лиц, сведения неправительственных и международных организаций, данные социологических опросов и публикаций в средствах массовой информации, а также иные не запрещенные законом источники информации.
Результаты антикоррупционного мониторинга могут являться основанием для проведения анализа коррупционных рисков, а также совершенствования мер, направленных на формирование антикоррупционной культуры.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай–күйіне, сондай–ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап–қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің дереккөздері – құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай–ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай–ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы мүмкін.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему