Өрт сөндірушілер арасында қолкүресі спорты бойынша жарыс өтті
7 Июля 2015 (14:15) | 1771 | Автор: Нұрганым Имашева
Астана күні мерекесінің қарсаңында №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде қолкүресі спорты бойынша жарыс өткізілді. Сайыс Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен» ұйымдастырылды.
-Турнирге 10 топ белсенді қатысты. Үміткерлерге «Ең күшті» атағын жеңіп алу үшін біраз тер төгуге тура келді. Өрт сөндірушілер қолкүресі барысында өздерінің күштерін, шыдамдылық және оңтайлылық қасиеттерін танытты. Белсенді күрес ешкімді де бей-жай қалдырмады, жанкүйерлер барынша спортшыларға қолдау білдіріп отырды.
Қолкүрес (армрестлинг)-бұл бір қолмен үстел үстінде күш сынасу. Мұнда қатысушылар шынтағын үстелге қойып, қолдарын айқастырып бар күштерін салып, бір-бірінің қолдарын үстел үстіне жығуға тырысады. Қолкүрес күрестердің ішіндегі, арнайы жабдықтар мен ғимаратты талап етпейтін, ең демократиялық және бейбіт түрі. Сондай-ақ қолкүрестің өзге спорт түрлерінің ішіндегі ерекшелігі кез-келген адам, жас ерекшеліктеріне қарамастан жарысқа қатысып, жеңімпаз атана алады»,-деп хабарлады «ҚР ІІМ Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ (Ақтау қаласы) мемлекеттік тіл және ақпарат тобының баспасөз хатшысы Рукья Сычева.
Қолкүрес жарысының қорытындысы бойынша 75 кг-ға дейінгі салмақ бойынша 1-ші орынды өрт көлігінің жүргізушісі өртке қарсы қызмет сержанты Тәңірбергенов Қанат, 85 кг-ға дейінгі салмақта жеңімпаз болып №5 өрт сөндіру бөлімшесінің өрт көлігінің жүргізушісі өртке қарсы қызметінің қатардағы жауынгері Ахов Қуаныш және 95 кг-ға дейінгі салмақта 1-ші орынды №5 өрт сөндіру бөлімшесінің өрт көлігінің жүргізушісі өртке қарсы қызмет сержанты Сүйесінов Мыңжасар иеленді.
Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің бастығы Молдабеков Бақытбек әрбір салмақ бойынша жнеңіске жеткен жеңімпаздарды құттықтап, естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапаттады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему