Маңғыстау полициясы аймақ тұрғындарын арнайы шара барысында түсіністік пен қолдау танытуға шақырды
19 Сентября 2019 (11:29) | 1959 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының полиция департаментінен келіп түскен ақпаратта 2019 жылғы 15 қыркүйек пен 10 желтоқсан аралығында Маңғыстау облысының аумағында полиция департаментінің, барлық қалалық, аудандық ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскерилерін қоса алғанда жеке құрамы мен күш-құралдарын жұмылдыра отырып, «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы (ЖПІШ) өткізілетіні туралы хабарланған.
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізудің басты мақсаты - халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату.
-ЖПІШ өткізу барысында, пәтерлер мен аулаларды айналып өтуі, ІІО-ның профилактикалық, пробациялық және тізімдік есептерінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша, азаматтық қарудың жеке иелерін қарудың сақталуы, базарлар және өзге де сауда орындары, құрылыс объектілері тексеріліп, жүзеге асырылады.
Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтарын «Учаске» ЖПІШ барысында түсінушілік танытумен қатар полиция қызметкерлеріне көмектесуі сұралады,- дейді маңғыстаулық тәртіп сақшылары.
Суреттер webinfo.kz ,today.kz сайттарынан алынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему