″ҚАЗАВТОЖОЛ″ ″ҰК″АҚ  МО филиалының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 11:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

″ҚАЗАВТОЖОЛ″ ″ҰК″АҚ МО филиалының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді

3 Июня 2020 (14:40) | 1800 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация қызметінің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков хабарлады.

 

 

Жүргізілген талдау барысында "ҚАЗАВТОЖОЛ" "ҰК"АҚ  МО филиал директоры мен оның орынбасарлары сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдамағаны анықталған. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл туралы" ҚР Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу мақсатында жоғарыда аталған басшылар өзіне бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

 

-Аталған факт бойынша біз мынадай ұсыныс енгіздік – Заңның 12-бабының талаптарын мүлтіксіз орындау үшін филиал директорына өзі және өз орынбасарларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауын қамтамасыз ету,-деді Серік Қаныбеков.

 

Сондай-ақ, Филиал қызметкерлерін жұмысқа қабылдау кезінде біліктілік талаптарының бұзылғандығы анықталды. Біліктілік талаптарына сәйкес (Филиал директорының13.06.2014 ж. №36бұйрығымен бекітілген), сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімінің бас маманы лауазымына арнайы орта немесе жоғары білімі бар, осы немесе ұқсас лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

 

 

- Алайда, 2016 жылы ЖОО-н аяқтап келген еңбек өтілі жоқ тұлғаны жұмысқа қабылдаған. Яғни сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімінің бас  маманы лауазымына Молдашева Злиха Рзагалиевна тағайындалды (филиал директорының 10.06.2016 ж. №10 бұйрығы).

 

Белгіленген біліктілік талаптарын бұзу лауазымға қабылдау және тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барын көрсетеді. "ҚАЗАВТОЖОЛ" "ҰК"АҚ  МО филиал директорына тұлғаларды жұмысқа қабылдау және оларды қызметке тағайындау кезінде біліктілік талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныс енгізілді,-деп мәлімдеді департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков.

 

Оның айтуынша, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетуден заңсыз бас тарту фактілері анықталды. Яғни стандарттың тізімінде көрсетілген құжаттарды ұсынбаумен байланысады.

 

"TengeOil I Gaz" ЖШС компаниясына "Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түркіменстан шекарасы" (13.08.2019 ж. №28-01/28-02 -918 және 01.08.2019 ж. №28-01/28-02-850 бас тартулар) автомобиль жолымен қиылысуды жобалау үшін техникалық шарттарды беруден екі рет бас тартылды. Бұл бас тартулар стандартта көзделген автомобиль жолымен қиылысу орны схемасының болмауымен дәлелденген. Алайда, көрсетілген схема осы қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне кірмейді және стандартта көзделмеген.

 

Егер "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен және басқа да инженерлік желілермен қиылысуына рұқсат беру" сияқты мемлекеттік қызмет түрін көрсету үшін автомобиль жолымен қиылысатын жердің схемасын міндетті түрде ұсыну қажет болса, онда жоғары тұрған органның алдында Мемлекеттік қызмет Стандартына тиісті түзетулер енгізу туралы ұсынысқа бастамашылық жасау қажет.

 

Суреттер қоғамдық коммуникация орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему