Ақтауда жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырған  акция өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырған акция өтті

20 Мая 2015 (09:32) | 2180 | Автор: Нұрганым Имашева

Облыс орталығы тұрғындарының сүйікті демалыс орны саналатын теңіз жағалауында салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары және «Ақжол» партиясының жанындағы жастар қанатының белсенді өкілдері бірігіп ұйымдастырған «Өз өмірің-өз қолыңда» деп аталған акция өтті.

 

Шараға қала тұрғындары, колледждердің студенттері мен биылғы мектеп түлектері белсене қатысты.

 

-Бұл акция «Дүниежүзілік шылым шегуге қарсы күрес күніне» орай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары және «Ақжол» партиясының жастар қанатымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.

 

Шараның мақсаты-жастарды темекі шегуден сақтандыру, оларды денсаулыққа зиянды әдеттен арылуға үндеу. Акция барысында әрбір темекі шегетін азаматқа қолындағы темекісін жеміс-жидекке айырбастауды ұсына отырып, біздің орталық мамандары қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауды мақсат етуде.

 

Өздеріңіз көріп отырғандай, қала тұрғындарына арнап концерттік бағдарлама мен арқан тарту, кір тасын көтеру, секіргішпен белгіленген уақытта ұзақ секіре алу және шығыршықты денесімен ұзақ айналдыру сынды спорттық сайыстар ұсынылуда. Мұндағы біздің көздейтініміз-жастарды шылым шегу сияқты жат әрекеттерге бармай, спортпен белсенді түрде айналысуға тарту.

 

Сонымен қатар, біз жақында еліміздің барлық мектептерінде өтетін ҰБТ сынағы алдында мектеп түлектеріне психолог-маманның көмегін ұсынып отырмыз,-деп мәлімдеді облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының директоры НұрсұлуАманбекқызы Мұхамбетиярова.

 

Акция барысында мамандар қала тұрғындарына АИТВ инфекциясынан сақтану, ЖИТС сырқатынан қорғану, гепатит ауруының алдын алуға бағытталған ақпараттық парақшаларды таратты.

 

Сонымен қатар жастарға психолог-маманның көмегін алу үшін тәулік бойы қызмет ететін облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының «Қызу желі» жүйесінің телефондары көрсетілген мәліметтер ұсынылды.

 

Шараны өткізу бастамасын көтерген «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының жанындағы «Ақжол» жастар қанаты да акцияға студент-жастардың белсене қатысуына атсалысты. Биылғы жылдың ақпан айында құрылған аталмыш партияның жастар қанаты аз уақыт аралығында өз қатарына 50-60-тан аса жасты қосып үлгеріпті. Осындай жастарға арналған акцияларды ұйымдастыруға әрдайым мұрындық болуды мақсат тұтатын белсенді жастар өз қатарларын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

 

-Ертеңгі күні ел тізгінін ұстар жастарды бүгінгі таңда қоғамда өзекті мәселеге айналған ішімдік ішу, темекі және кальян шегу, насыбай ату сияқты зиянды әрекеттерден арылуға шақырып, спортты жандарына серік етіп, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауды маңызды мақсатымыз санаймыз.

 

Жастарды құлшына еңбек етіп, өз денсаулықтарын күтіп, қоғамдағы әрбір пайдалы істерге, өткізіліп жатырған түрлі шараларға белсенділікпен қатысуға шақырудамыз.

 

Біздің мақсатымыз-жастарды қазіргі таңда қоғамда орын алып отырған түрлі кесапаттардан аулақ болуға шақырып, жақсы, салауатты өмір сүруге үгіттеу, игі бастамаларға қолдау жасап, ізгілікті істерге өз үлестерін қосып, белсенділік танытуды насихаттау,-деді ұйымдастырылған шараның бастамашысы «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының жанындағы «Ақжол» жастар қанатының төрағасы Кенжебек Сержанұлы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему