Президенттік жастар кадр резервшілерімен кездесу
5 Мая 2022 (12:09) | 2035 | Автор: Ербол Жумабай
Ағымдағы жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы Т.Қ.Жұмағұловтың төрағалығымен Президенттік жастар кадр резервінде енген жастармен ЗУМ платформасында бейне байланыс түріндегі кезекті кездесу өткізілді. Кездесуге Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшылығы да шақырылды.
Республикамыздың түкпір-түкпірінен Президенттік жастар кадр резервіне енген тұлғалар, сонымен қатар, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысының орынбасары Нұрбол Абылайұлы Телегенов, Президенттік жастар кадр резервінен Маңғыстау облысының туризм басқармасы басшысы лауазымына 2022 жылғы 25 сәуірде тағайындалған Данияр Сандыбайұлы Утешов мырзалар оффлайн режимде қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей «Бұл жоба елді өркендетуге бел буған, сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған жоба. Басты міндет – талантты жастардың Қазақстанды жаңа белестерге көтеруіне мүмкіндік беру. Ең бастысы – туған еліңді шексіз қадірлеу және оған адал қызмет ету. Табанды еңбек етіп, нақты нәтижеге қол жеткізу керек. Бұл ұлтты жаңғырту үшін өте маңызды»,-деп атап өткен болатын.
2019 және 2021 жылдары Президенттік жастар кадр резервіне барлығы 350 адам енгізілген болса, солардың 250-ге жуығы мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік секторларда жұмыстарға шақырылып, орналастырылды, олар бүгінгі күні өздерінің потенциалын Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін жұмсауда.
Оның ішінде ерекше айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Маңғыстау облысының Туризм басқармасының басшысы лауазымына Данияр Сандыбайұлы Утешов тағайындалды. Жаңа басшы өзінің алға қойған мақсаттарымен, жоспарларымен бөлісті.
Бұл ретте, республика бойынша туризм астанасы атағына лайықты теңіз жағасында орналасқан біздің өңірдің жаңа басшыдан күтері көп.
Өз кезегінде Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарында жұмысқа орналасу, әрі қарай даму, әлеуетті қоғамдық маңызы бар жобалар үшін пайдалану туралы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысының орынбасары Н.Телегенов баяндады.
Резервшілердің де ой-пікірі тыңдалды. Кездесуге қатысушылар аумақтық департамент пен облыс әкімдігіне ұйымдастырылған кездесу үшін алғысын білдірді. Оффлайн режимде Маңғыстау облысында форум ұйымдастыру, облыстық әлеуеттік маңызы бар жобаларды, түйінді мәселелерді бірге талқылау жөнінде ұсыныстар берілді.
Бұл ретте, облыс әкімі аппаратының басшысы 2022 жылы әлеуметтік маңызы бар жобаларды, жалпы Маңғыстау облысын таныстыру мақсатындағы форум өткізу жоспарланғандығын, оған резервшілердің шақырылатындығын жеткізді.
Президенттік жастар кадр резервіне енген тұлғалармен кездесулер тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему