Құқыққорғаушылар өзекті мәселелер бойынша басқосты
28 Мая 2017 (22:30) | 2468 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қалалық прокуратурасының ғимаратында 25.05.2017 жылы қала прокурорының төрағалығымен «Дөңгелек үстел» жиыны өткізілді.
Аталған жиынға, Ақтау қалалық сотының судьялары, облыстық ҚАЖД-нің пробация қызметіне басшылық ету қызметінің бастығы, Маңғыстау облыстық ІІД-нің басқарма бастықтары және Ақтау қалалық ІІБ бастығының орынбасары мен тергеушілері қатысты.
Басқосу барысында, «Сот төрелігін жүзеге асыру барысында туындап отырған өзекті мәселелер және процестік келісім», «Қылмыстық істерді қарау барысында анықталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жол берілген кемшіліктер», «Пробациялық бақылауды жүзеге асыратын органмен тығыз қарым-қатынаста болу»,«Пробация туралы»Заңның қолдану аясы талқыланды.
Дөңгелек үстел жиынының қорытындысымен күдіктілермен жасалынатын кінәні мойындау туралы процестік келісімдер жөніндегі құқықтық институтты кеңінен қолдануды одан әрі жандандыру, Ақтау қалалық пробация қызметіне есепке алынған тұлғаларға бақылау сапалы түрде жүзеге асыруды және есепке алынған тұлғалардың қайта қылмыс жасамауы үшін, профилактикалық шараларды жиі өткізу, пробация қызметіне Ақтау қалалық ішкі істер басқармасымен бірлесіп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің кезінде орнатылатын пробациялық бақылау бойынша жұмысты жетілдіру ұсынылды.
Бұл туралы біздің басылымға Ақтау қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему