100 адамға көмек берілді
13 Мая 2015 (10:43) | 1431 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облыстық орталық мешіті 100 адамға азық-түлік таратты. Олардың көпшілігі мешіттің мұқтаждар тізімінде тұрған отбасылар. Өкіл имам С.Сейтбеков жиналғандарды өзі қарсы алып, оларға беріліп жатқан кезекті көмекті Алла разылығы үшін ұсынып жатқандарын, алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғаса беретіндігін айтты.
Тұрғындарға нақтырақ айтсақ, күнделікті қолданатын ұн, қант, күріш, сұйықмай, макарон өнімдері берілді. Келген жұртшылық риза көңілмен алғыстарын айтып, бірқатары мешіт ішіне кіріп, намаз оқып, Аллаға мінәжат етті.
Мұқтаж жандардың арасында жалғызбасты және көп балалы аналар, жесір келіншектер, мүгедек балалары бар жанұялар, сондай-ақ оралман ағайындар да бар. Бүгінде ауыр науқасқа шалдығып, үйінен сыртқа шығатын қауқары қалмаған Жансұлу Әділбаева - 2 қыздың анасы. Қыздары Жанерке мен Фариза мектеп оқушылары. Анасы ауруға шалдыққан соң әкелері тастап кеткен. Өздерінің жеке баспаналары да жоқ. Әлеуметтік көмек ретінде берілетін жәрдемақыға екі бөлмелі үйдің бір бөлмесін паналап отырған оларға мешіт тарапынан үзілместен көмек беріліп отырады. Өздеріне берілген көмекті алып кетуге мешітке келген сүйкімді екі кішкентай қыз сабақтарын жақсы оқитындарын, өскесін аналарын емдейтін дәрігер болғысы келетіндерін айтты. «Мен мешіттегі ағаларға үлкен рахмет айтамын. Біз қиналған кездерде олар ылғи бізге көмек беріп отырады. Мен Ислам дінін жақсы көремін. Биыл мешіттегі жазғы сауат ашу лагеріне жазылып, Құран үйренгім келеді»,- дейді Жанерке.
Тағдырдың жазуымен бастарына іс түсіп, көмекке мұқтаж болатын жандар мешіт әкімшілігінде әрдайым тізімде тұрады. «Оларға апта сайын жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен азық - түлік өнімдері немесе қаржылай қайырымдылық шаралары үзілместен жасалып келеді»,-деп хабарлайды облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему