«Азия балалары»: маңғыстаулық спортшы қола жүлдеге ие болды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 06:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Азия балалары»: маңғыстаулық спортшы қола жүлдеге ие болды

8 Августа 2022 (16:34) | 1802 | Автор: Редакция

Маңғыстаулық спортшы Алия Ходжаназарова дзюдо спорт түрінен қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Спорттық дода Ресейдің Владивосток қаласында өтуде. VII «Азия балалары» халықаралық спорт ойындары «Молодежный» спорт кешенінде дзюдодан ұлдар арасында 81 дейінгі және 90, 90+ келі салмақ дәрежелерінде, сондай-ақ қыздар арасында 63 келіге дейінгі, 70 және 70+ келі салмақ дәрежелерінде бағын сынады. Қазақстан құрамасында дзюдо спорт түрінен +70 келіде өнер көрсеткен маңғыстаулық Алия Ходжаназарова қола жүлде жеңіп алды.

 

Дзюдодан жасөспірімдер арасында Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы Анна Казюлинаның айтуынша, Алия Ходжаназарова халықаралық спорттық ойындарда дзюдодан +70 келіде 1 белдесуде ресейлік Валерия Соловеймен шығып вазари ұпайымен тең болып келе жатқанда уақыт бітіп, қосымша уақыт, яғни голден скорда үшінші ескерту алып, жеңіс ресейлік спортшының пайдасына шешілген.

3 орынға күрескенде Алия ресейлік Софья Селёзневамен шығып, иппон ұпайымен жеңіп, 3 орын иеленді.

 

Жарыстың қорытындысы бойынша 70+ салмақ дәрежесі бойынша 1 орынды ресейлік Валерия Соловей, 2 орынды ресейлік Анна Болсун, ал қола жүлдені Алия Ходжаназарова иеленді.

 

Жарысқа 12 елдің өкілдері қатысуда. 1355 өрен 19 спорт түрінен 273 медаль жиынтығын сарапқа салуда. «Азия балалары» халықаралық спорт ойындары төрт жылда бір өтеді. Ойындар жағажай волейболы, үстел теннисі, баскетбол 3х3, жүзу,көркем гимнастика, таэквондо, шағын футбол, жеңіл атлетика, грек-рим ,еркін күресі, бокс, дзюдо, мылтықпен ату, би спорты, самбо, бадминтон, садақ ату, кураш күресі, мас-рестлинг түрінен өтуде.

 

28 шілде басталған спорттық дода 8 тамыз күні мәресіне жетеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему