Азия чемпионы Құлышевтің отбасы дауыс берді
27 Апреля 2015 (10:08) | 1685 |
Автор: Мира Ботабекова
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы Құлышовтар да өз таңдауын жасады. Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы Нұралы Құлышев отбасымен бірге Ақтаудағы 12 шағын ауданда орналасқан №22 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Шаңырағы шаттыққа толы жанұяны бүкіл Маңғыстау жұртшылығы үлгі тұтады. Мүмкіндігінің шектеулі екеніне қарамастан, Нұралы аға мен Әлия апай бірнеше ұл-қыз өсіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиеледі. Ұлы Ерік пен қыздары Жанар мен Эльмира да түрлі спорттан ел чемпиондары. Былтыр олар елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысып, Маңғыстау облысының намысын қорғаған болатын. Жеңімпаз атанып, темір тұлпар мініп келген еді. «Біз осы байқауда жеңімпаз болған соң көпке үлгі болуымыз керек. Бүгін азаматтық парызымызды өтеу үшін отбасымыз түгел келдік»,-дейді белгілі спортшы.
Нұралы Құлышев, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
-Бүгін енді бүкіл Қазақстанның жұртына мереке деп ойлаймын. Бүгін бүкіл отбасымызбен болашақ тағдырымызды шешуге келдік. Енді кімге дауыс береміз болашағымыздың қандай болары соған байланысты. Бала-шағаммен, немерелеріммен келіп, дауыс бердік. Немерелерім де көрсін, білсін. Олар болашақ біздің ұрпағымыз ғой.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему