Ең қарт тұрғын дауыс берді
27 Апреля 2015 (10:00) | 1448 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысының ең қарт тұрғыны Несіп Ерінбаева таңдаған кандидатына дауыс берді. 105 жастағы қария Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында тұрады.
Ғасырдан асқан Несіп әжейдің өтінішіне орай, № 177 сайлау учаскесінің мүшелері жылжымалы жәшікті оның үйіне алып барды. Несіп әжей әлі де тың, бүгін балаларын сайлау учаскелеріне жіберіп, өзі немере-шөберелерін бағып қалыпты. Қария тың игеруге атсалысып, егістікте талай жыл тер төгеді. Бүгінде 7 ұл-қызынан 27 немере, 98 шөбере, ал одан 4 шөпшек сүйіп отырған бақытты әже. Көпті көрген кейуананың ендігі арманы – елдің тыныштығы мен ұрпақтың амандығы.
Несіп Ерінбаева, 105 жастағы әже:
-Талай сайлауларға қатысып жүрмін. Сайлауға қатысу әрбір елдің тұрғыны үшін маңызды. Біз сайлауға қатысып, дауыс беру арқылы болашағымызды таңдаймыз. Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Еліміз шүкір, өсіп-өніп келе жатыр. Заманымыз тыныш болсын. Ұрыс-керіс болмасын. Талайды көзіміз көрді, енді құдай сондайды көрсетпесін.
Сайлау учаскесінің мүшелері саяси шараға қатысып, белсенділік танытқан ең қарт сайлаушыға қазақ күйлерінің жинағын тарту етті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему