Қос денсаулық сақшысы лайықты марапатқа ие болды
30 Декабря 2018 (10:25) | 1648 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстык балалар аурханасының екі бірдей қызметкері марапатталып, мерейлері өсті. Жаңа жыл қарсаңында аурухана директорының емдеу ісі бойынша меңгерушісі Алия Ешимова мен аурухананың аға медбикесі Раушан Шариғатова «Гиппократ» төсбелгісін кеуделеріне тақты. Денсаулық сақшыларын кезекті марапаттарымен құттықтап, отбасыларына береке, еңбектеріне табыс тілейміз.
-Біздің еңбегімізді елеп, жаңа жыл қарсаңында арнайы марапаттап жатқан республикалық медицина палатасының Маңғыстау облыстық филиалы ұжымына алғыс айтамыз. Жаңа жыл әр отбасына жақсылығымен келсін, сәбилеріміздің дендері сау болсын. Дәрігерлердің жұмысына сәттілік тілеймін ,-дейді Алия Ешимова.
Алия Қалдыбайқызының медицина саласында табысты еңбек етіп келе жатқанына биыл-28 жыл. Осы жылдар аралығында жедел жәрдем қызметінде, учаскелік педиатр, аудандық педиатр, статист қызметтерін абыроймен атқарып, кейін облыстық аурухана директорының емдеу ісі бойынша меңгерушісі әрі эндокринолог қызметтерін қоса атқарып жүр.
Раушан Шариғатова алғаш еңбек жолын 1997 жылдың наурыз айында Ақтау қалалық балалар емханасынан учаскелік медбикесі болып бастаған. 2001 жылдан бастап Маңғыстау облыстық балалар аурухасында педиатр бөлімінде қызметін жалғастырып, кейін аға медбике болып тағайындалған. Жоғары санатты аға медбике отбасының да ұйытқысы. Жолдасы Талғат екеуі екі ұл мен бір қызды тәрбиелеп отырған бақытты шаңырақ.
Ақжолтай жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему