Ақтауда «Халық батырлары Иса-Досан» жүлдесіне арналған дзюдодан халықаралық турнир жалауын желбіретті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Халық батырлары Иса-Досан» жүлдесіне арналған дзюдодан халықаралық турнир жалауын желбіретті

24 Марта 2018 (21:07) | 3197 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін 24 наурызда облыс орталығындағы «Маңғыстау арена» спорт кешенінде дзюдо күресінен «Маңғыстау ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшылары, халық батырлары Иса-Досан» жүлдесіне арналған халықаралық турнир бастау алды.

 

 

Маңғыстау облысының жауынгерлік самбо федерациясының президенті және облыстық мәслихаттың депутаты Сарсенбай Нұрпейіс Мизамбайұлы:

  -Турнирдің негізгі себепші болып отырған Досан батырдың ұрпағымыз. Аймақта екінші мәрте ұйымдастырылып отырған, былтыр республикалық деңгейде өткен байрақты бәсекеге еліміздің он облысынан және көршілес Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінің 2001-2003 және 2004-2006 жылы туған 600 жас балуаны қатысуда. Турнир биыл Халықаралық мәртебеге ие болып жатыр.

Жарысқа қатысып жатқан жасөспірімдерге жеңіс тілеймін, болашақ Қазақстанның намысын қорғайтын ұл-қыз бүгін күресіп жатыр деп есептейміз.

Келіп жеткен Жаңа жылымыз баршаңызға құтты болсын, ақ мол болсын, табыс көп болсын!- деді.

 

 

 «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жарыстың салтанатты ашылуы  түскі сағат 12:00-де өтті. Оған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Керелбаев Сақып Бүркітбайұлы, Иса ұрпағы Азан Кемелханов, Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Байжанов Бекболат Құстүтінұлы, Маңғыстау облысының жауынгерлік самбо федерациясының президенті және облыстық мәслихаттың депутаты Сарсенбай Нұрпейіс Мизамбайұлы, Маңғыстау облысының қазақша күрес федерациясының президенті және облыстық мәслихаттың депутаты Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы экстра класс төреші Жұмағалиев Берік Түсіпқалиұлы құрметті қонақ ретінде қатысты.

 

Турнирге қатысушы балуандарға жеңіс тілеп, құттықтау сөздерін арнау құрметіне ие болғандар Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М. Сқақов, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы С.Керелбаев және Иса батырдың ұрпағы А. Кемелхановтар спортшыларға сәттілік тіледі.

 

 

Маңғыстау облысының жауынгерлік самбо федерациясының президенті және облыстық мәслихаттың депутаты Сарсенбай Нұрпейіс Мизамбайұлы ҚР дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталды.

 

Әншілер триосының орындауында «Қазақстан» әні шырқалып, ұлттық киім киген бишілер тобы мың бұрала би билеп салтанатты шараның ажарын ашты.

 

Саланатты ашылу рәсімі аяқталысымен ҚР спорт шебері Оңтүстік Қазақстан облысының дзюдодан аға бапкері, турнирдің бас төрешісі, Халықаралық дәрежедегі төреші Айтымбетов Данияр Сүлейменұлы жарысты бастады.

 

 Турнирге қатысушы ұлдар мен қыздар 20 салмақ дәрежесі бойынша белдесуде.  

 

 

«Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов:

-«Маңғыстау ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшылары, халық батырлары Иса-Досан» жүлдесіне арналған, жасөспірім ұл-қыздар арасында дзюдо күресінен халықаралық турниржалауын көтерді.

Жарысқа 600-дей спортшы қатысуда, Ресей елінен 7 балуан Қырғыз мемлекетінен 20-дан аса балуан, еліміздің 10 облысынан келген спортшылар бар және Маңғыстау облысынан 60 - тан аса жасөспірім қатысуда. Балуандардың арасында Азия чемпионатының, үлкен жарыстардың жеңімпаздары бар.

Турнир былтыр республикалық деңгейде өтсе, биыл Халықаралық дәрежеде ұйымдастырылып отыр. Жарыстың деңгейі жақсы өсіп келе жатыр. Осы бәсекеде 1,2 және 3 орынды жеңіп алған балуандарға спорт шеберіне үміткер деген атақ беріледі.

Осы жарыстың өз деңгейінде өтуіне қолдау көрсетіп жүрген Нұрпейіс Сарсенбай ағамызға, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына және Маңғыстау облысының әкімдігіне алғысымызды айтамыз,-деп мәлімдеді. 

 

Дүбірлі дода екі күнге созылады, ертең 25 наурызда жарыстың соңғы күнінде жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлер марапатталатын болады. 

 

Спорт жанашырларын облыс орталығындағы «Маңғыстау арена» спорт кешеніне турнирді тамашалап, жас балуандарға жанкүйер болуға шақырамыз. Жарысты көру тегін.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему