Жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған жиын өтті
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 04:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған жиын өтті

17 Апреля 2015 (10:59) | 2515 | Автор: Нұрганым Имашева

Аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға шолу жасалып, ауалы-тамшылы және тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұғатын инфекциялы аурулардан сақтандыру, олардың алдын алу шаралары туралы Ақтаудағы жалпы білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің басшылары және медицина қызметкерлеріне арналған семинар сабағы ұйымдастырылды.

 

Аталмыш семинарды өткізген Ақтау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы жиынға қалалық оқу бөлімі, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының және білім мен тәрбие беру мекемелерінің басшылары мен медбикелерінің қатысуын қамтамасыз етті.

 

Бұл шараны өткізудің мақсаты туралы баяндаған Ақтау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Тұрғаналиева Назгүл Ермұратқызы:

 

-Осы семинарды ұйымдастыру барысында қаладағы оқу-тәрбие беру мекемелерінің басшылары мен медицина қызметкерлеріне ауалы-тамшылы және тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұғатын инфекциялық аурулардың: менингит, қызылша, қызамық, эпидпаротит, желшешектің  алдын алу, ауру анықталған жағдайда оның ошағында немесе нысанда қалай әрекет ету жайын түсіндіру, сонымен қатар көктем мезгілінің басталуына байланысты жіті ішек инфекцияларының-сальмоноллез, дизентерия, ботулизм сырқаттарының алдын-алу, нысандарда соларға қарсы тұру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу. Балалар мен ата-аналар арасында осы инфекциялардың алдын-алу бойынша жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды пысықтау көзделіп отыр.

 

Екінші мәселе-Ақтау қаласы әкімінің 18 наурыз 2015 жылғы №298 «Ақтау қаласы және елді мекендердің санитарлық тазартылуы мен абаттандырылуы, көгалдандырылуы бойынша іс-шаралар және сумен жабдықтау нысандарының, базарлардың көктемгі-жазғы кезеңге дайындығы бойынша шаралар өткізу туралы» Қаулысына сәйкес, 2015 жылдың 16 наурызы мен 16 мамыры аралығында қалада сенбілік өткізу ұйғарылған болатын.Осыған байланысты Қаулымен таныстыра отырып, білім мен тәрбие беру мекемелерінің өзіне қатысты аумақтарында тазалықты сақтап, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, тазалық шараларын күшейтуді тапсыру,-деді.

 

Семинар барысында Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау Департаментінің эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Шорбасова Гүлшат Сырымбетқызы аймақтағы менингит қызылша, қызамық сырқаттарының және жіті ішек ауруларының эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндап, қауіпті инфекциялардың таралуын болдырмау, олардан сақтанудың шараларына тоқталды және тәрбие ошақтарындағы ата-аналар арасында жүргізілетін санитариялық-эпидемиологиялық ағарту жұмыстары жайлы түсіндірді.

 

Гүлшат Сырымбетқызының мәлімдеуінше, «Маңғыстау облысында 2015 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша менингит ауруының 10 жағдайы тіркеліп, соның ішінде 6 жағдай 14 жасқа дейінгі балаларда анықталған. Өткен жылдың осы мезгілінде менингит ауруы тіркелмеген. Бұл жағдай облыс аймағында менингит ауруының эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз екендігін көрсетіп отыр. Облыс көлемінде менингит ауруының эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандырып, қалыптастыру мақсатында алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар белсенді жүргізілуде.

 

2015 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша, аймақта жіті ішек ауруларының 16 жағдайы тіркеліп, соның ішінде 6 жағдай 14 жасқа дейінгі балаларды құрайды. Өткен 2014 жылдың 3 айының қорытындысымен салыстырғанда (43 жағдай, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 40 жағдай) 2,8 есеге төмендеген».

 

Жиынға қатысқан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының орынбасары Ұзақбаева Бану Сағындыққызы, орталықтың аталған жұқпалы сырқаттардың алдын-алу бойынша ұйымдастырылған шараларына белсене араласатыны жайлы баяндап, білім мен тәрбие ошақтарының қызметкерлеріне орталықта аурулардың профилактикасына арналған ақпараттық-танымдық парақшалары таратылатынын айтып ескертті.

 

Ақтау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бас маманы Жанаева Құралай Мүсірәліқызы қаладағы туберкулез ауруының ахуалына тоқталды. Бас маманның айтуынша, «Осы жылдың 3 айы бойынша қалада туберкулез сырқатының 27 жағдайы тіркелген, 100 мың адамға шаққанда оның көрсеткіші-1,1 пайыз.

 

Өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда ауру 14 жағдайға өскен, яғни былтырғы жылы 13 туберкулез сырқаты тіркелген».

Құралай Мүсірәліқызы балалар мекемесінің қызметкерлеріне балаларды туберкулез ауруына қарсы егумен қамтудың ерекшеліктері туралы түсіндірді.

 

Семинар барысында оған қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, оларға тұшымды жауаптар алды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему