Ақтауда «Ұлттық ғашықтар күні» аталып өтті
17 Апреля 2015 (10:32) | 2008 | Автор: Нұрганым Имашева
Облыс орталығында ғашықтық символы-Қозы мен Баян күніне арналған акция ұйымдастырылды.
Қазақ эпостық жырының кейіпкерлері-Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың сүйіспеншілік сезімдерін, адалдығын дәріптеуге арналған акцияны өткізген Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (ОСӨСҚО) және «Гедеон Рихтер» компаниясының өкілдігі шараға қала жастарын қатыстырды.
Студенттер мен жастар ұйымдарының өкілдеріне би сайыстары, махаббат тақырыбына арналған өнер туындылары туралы викторина сауалдары,
сүйіспеншілік сезімін білдірудің ең үздік үлгісі сынды сайыс түрлері ұсынылды.
Байқауға қатысушылар «дүниедегі ең қайғылы повестің» авторын, «Урга-махаббат аймағы» картинасы түсірілген орынды, Высоцкийдің әніндегі керік кімге ғашық болғанын естеріне түсіруге және т.б. сынақтардан өтуге тиіс болды.
-Бұл байқаулардан өзге біз жастарға арнап репродуктивті денсаулық туралы үлестірмелі материалдарды таратуды көздедік, СӨСҚ орталығында әлеуметтік-психологиялық зерттеуден өтуге болатыны жайлы ақпарат беріп, 150-тәуліктік «Қызу желі» арқылы психологиялық көмек алу мүмкіндігінің барын ескерттік, сонымен қатар акцияға қатысушыларға және сайыстардың жеңімпаздарына сый-сыяпаттар ұсындық,-дейді Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары.
Акцияны ұйымдастырушылар Ұлттық ғашықтар күні елімізде жыл сайын өткізілетіні туралы айтты.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему