Жаңаөзен қаласында ҰБТ-ға 1463 түлек қатысады
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 04:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзен қаласында ҰБТ-ға 1463 түлек қатысады

24 Мая 2022 (15:44) | 1526 | Автор: Редакция

Жаңаөзен қаласының білім беру саласында 83 оқу орны жұмыс істейді. Олардың ішінде 27 жалпы білім беретін мектеп. Биыл аталған 27 мектептен 1482 түлек мектеп бітіреді. ҰБТ-ға қатысуға 1463 түлек ниет білдірді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы оқу жылында «Алтын» белгіге 29, «Үздік» аттестатқа 137 оқушы үміткер. Ал, 2020-2021 оқу жылында 11 сыныпты бітірген 1379 оқушының 30-ы «Алтын» белгімен, 116 оқушы «Үздік» аттестатпен, 290 бала мемлекеттік білім грантына ие болды.

- Қазіргі уақытта түлектерге мамандық таңдау, кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Мектеп бітіруші 1482 оқушыға, ата-аналарына кәсіптік бағдар бойынша тест жүргізілді. 11 сынып оқушыларының ішінен аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау, кәсіптік бағдар беру жұмыстары New Format орталығында 165 түлекпен жүргізіліп жатыр,- дейді Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ысқақ Құлатай.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему