«Жаңаөзен-Жетібай» автожолы жөнделеді
17 Января 2017 (15:33) | 3288 | Автор: Мира Ботабекова
Биыл «Жаңаөзен-Жетібай» бағытындағы автокөлік жолы қалпына келтіріледі. Қазір құны 30 млрд теңгеге жуықтайтын жобаны жүзеге асыруға ниетті компаниялар тендерге қатысып жатыр. Бұл туралы «Хабар24» арнасы хабарлады.
Құрылыс жұмыстарын көктемде бастау жоспарланған. Бұл бастама Сенат депутаттары қатысқан жиында айтылды. Мұнайшылар қаласында өткен кездесуде халық қалаулылары бірқатар түйткілді сауалдарға жауап берді. Шахарда мектеп салу, агроөнеркәсіптік саланы дамыту, көршілес Түрікмен елімен қарым-қатынасты жеңілдетуді сұраған халықтың өтініші ескерусіз қалмайды, - деді депутаттар.
Бақтыбай Шелпеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Өзен мен Жетібайдың бергі жағындағы жолға қазір тендер өтіп жатыр. Кез-келген адамға беріле бермейді. Техникасының бар-жоғы қаралады. Осы бірініші квартал ішінде шешіледі. 28 млрд теңгедей бюджеті бар. Жол жақсылап салынады деп есептейміз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему