Сайлаушылар саны белгілі болд
6 Апреля 2015 (10:03) | 3049 |
Автор: Мира Ботабекова
Бүгін Маңғыстау облысындағы барлық 177 сайлау учаскесіне сайлаушылардың тізімі таратылды. Қазіргі таңда өңірде 313 мың 640 сайлаушы тіркеліп отыр. Яғни 26 сәуір күні Президент сайлауына осыншама адам қатысып, таңдаған кандидатына дауыс бере алады.
26-шы сәуірде өтетін Президент сайлауында 115 мың ақтаулық өз таңдауын жасайды. Бүгін қала әкімі Еділ Жаңбыршин шаһардағы 58 сайлау учаскесіне сайлаушылар тізімін таратып, дайындық барысымен танысып шықты. Ақтау – еліміздегі ең маңызды саяси шараға толық дайын. Дауыс беретін кабиналар мен урна орнатылып, сайлаушылардың еш кедергісіз дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.
Еділ Жаңбыршин, Ақтау қаласының әкімі:
-Бүгінгі таңда Ақтау қаласының сайлаушылар тізімі жасақталды. Ол үшін жаңа технологияны, мемлекеттік тиісті органдардың электронды базасын пайдаландық. 115 мыңның үстінде қазір сайлаушылар тізімге еніп отыр. Барлық тізімдер жасақталып, тиісті сайлау учаскелеріне актпен берілді. Сайлау учаскелеріндегі тізімге өздерінің кірген не кірмегенін сайлаушылар келіп білуіне болады. Немесе Ақтау қалалық сайлау комиссиясының жанындағы Cool центр бар, соған да телефон шалып, өздерін анықтауға болады.
Ал, Маңғыстаудағы ең жас Мұнайлы ауданында биыл 47 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие болды. Жергілікті билік өкілдері сайлаушылар санының 2011 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артқанын айтады. Ауданда 22 сайлау учаскесі тіркелген. Ауыл әкімдерінен арнайы тізімді қабылдап алған сайлау комиссиясының мүшелері нақтылау жұмыстарына кірісіп кетті.
Бисенбай Айтбаев, №156 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
-156 сайлау учаскесіне ауыл әкімшілігі бізге тиісті шекара бойынша сайлаушылардың тізімін әкеп тапсырды. Осы күннен бастап біз мүшелерімізбен нақтылау жұмыстарын жүргіземіз. 26-шы сәуірде өтетін Президент сайлауына біз толық дайынбыз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
отмена
отмена
отмена