Құрметті қала және аудан тұрғындары!
25 Октября 2019 (13:59) | 2092 | Автор: Редакция
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысының 2019 жылғы 23 қыркүйекте мақұлданғандығын хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген жоба шеңберінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап алып тасталатын болады. Осыған байланысты барлық мүмкін мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары т.б. – қандай да жағдай болмасын азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмеуі қажет.
Фото vlast.kz
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему