Ақтөбелік ұландық жағажай самбосынан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Курс валют в Актау
на 16/09/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
16 Сентября, 14:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтөбелік ұландық жағажай самбосынан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16 Сентября 2026 (12:41) | 1 | Автор: Абдрасул Абдрашит

2026 жылғы 12–13 қыркүйек күндері Бразилия Федеративтік Республикасының Сан-Паулу штатындағы Карагуататуба қаласында әлемнің үздік спортшылары қатысқан жағажай самбосынан әлем чемпионаты өтуде.

Жағажай самбосынан әлем чемпионаты Бразилияда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс аясында ерлер мен әйелдер арасында сегіз салмақ дәрежесі бойынша жеке белдесулер, сондай-ақ аралас форматтағы командалық сайыстар өткізілуде.

Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында аталған әлем чемпионатына Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Азат Қуанов қатысты.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Азат Қуанов жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болып, жағажай самбосынан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Аталған салмақ дәрежесінде бірінші орынды Ресей Федерациясының өкілі Антон Суровцев, екінші орынды Румыния спортшысы Георге Бодырлау иеленді. Үшінші орын үшін жүлдені Молдова өкілі Максим Юхневич пен Қазақстан Ұлттық ұланының әскери қызметшісі Азат Қуанов бөлісті.

Жаһандық додада қол жеткізген жүлде әскери қызметшінің жоғары деңгейдегі спорттық дайындығы мен шеберлігінің нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, Азат Қуановтың жетістігі Қазақстанды және Ұлттық ұланды халықаралық спорт аренасында лайықты танытуға қосылған үлес болды.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему