Жыл басынан бері Ақтау қаласы аумағында 24 өрт оқиғасы орын алған
25 Мая 2018 (16:43) | 2187 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып тұрғындар арасында үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Жыл басынан бері Ақтау қаласы аумағында 24 өрт оқиғасы тіркелсе, соның ішінде тұрғын секторда 6 өрт оқиғасы орын алған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда тұрғын секторларда 2017 жылы 4 ай ішінде 8 өрт оқиғасы тіркелген, яғни 33 %-ға азайған.
Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік құрамы жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып Ақтау қаласы 3 шағын ауданының тұрғындарына, тұрғын секторлардағы өртті, өрт салдарынан қаза болатын адам шығынын болдырмау мақсатында, сонымен қатар, адам денсаулығына және өміріне қауіптің алдын алу мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Басқарма қызметкерілерімен 100-ге жуық қала тұрғындарына нұсқама жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі туралы 127 жадынама таратылды.
Өртті талдау нәтижелері көрсеткендей, өрттің негізгі шығу себептері болып мыналар табылады – біріншіден, отты абайсызда қолдану; екіншіден, үй жағдайындағы тұрмыстық электр және газ қолдану құрылғыларын пайдаланғанда өртқауіпсіздік ережелерінің сақталмауы; үшіншіден, тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуы мен балалардың отпен ойнауынан.
Тұрғындар арасында жүргізіліп жатырған үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары оң нәтиже беріп, тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне деген мұқият болуы қадағаланады деген үміттеміз!
Роза Тубекбаева
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Суреттерді түсірген Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему