Мұнайлылық ғасыр жасаған кейуананың 94 шөбересі бар
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлылық ғасыр жасаған кейуананың 94 шөбересі бар

3 Ноября 2021 (14:13) | 932 | Автор: Редакция

95 жастағы мұнайлылық Балапан Байнешова ұрпағының арасында қарттықтың керемет кезеңін өткізуде. Оның бүгінде 10 баласы, 46 немересі, 94 шөбересі және 5 шөпшегі бар. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Үлкен шаңырақтағы ауызбірліктің ұйытқысына айналған Балапан әже әлі де қолына ұршығын алып, жіп иіреді. Ол денсаулығының бүгінгі мығым қалпын жастық шағында еткен қара еңбекпен байланыстырады.

 «Кезінде бәрін де істедік. Отын да тасыдық, жүн де түттік. Жастығымыз соғыспен тұспа тұс келіп, әскерге  керектінің бәрін өзіміз жолдап отырдық. Тұрмысқа 17 жасымда шықтым. 10 құрсақ көтердім. Бүгінгі күніме мың шүкір. Бала-шағамның ортасында шалқып өмір сүрудемін. Құдай елімізді осы бейбіт күннен айырмасын. Жаман аурудан аман болыңдар. Менің жасымды берсін», - деді Балапан Байнешова.

 Бұл отбасында қазақы дәстүр жақсы сақталған. Оның өзіне ұрпақтар сабақтастығы, Балапан әже бастаған ене мектебі себеп болса керек.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему