Ақтауда Әкімшілік полиция «Борышкер» акциясын бастады
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 09:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Әкімшілік полиция «Борышкер» акциясын бастады

26 Мая 2016 (14:55) | 3800 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласы Ішкі Істер Басқармасы Әкімшілік полициясының МАИ қызметкерлері сәрсенбі күні азаматтарға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлды уақытылы төлеуді ескертуге арналған «Борышкер» акциясын өткізуді бастады. Аталмыш шараны тәртіп сақшылары қалада 25-28 мамыр аралығында өткізуді жоспарлап қойған.

 

Акцияның алғашқы күнінде МАИ қызметкерлері түске дейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – ның және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің еңбек ұжымдарымен кездесу ұйымдастырып, аталмыш ірі кәсіпорындар жұмысшылары арасында жолда жүру ережелерін бұзып, айыппұл төлеуі тиіс азаматтардың өз берешектерін уақытылы төлеуі қажет екенін түсіндірді.

 

 Түстен кейін қаладағы «Caspiy Operating» ЖШС – нің көліктер автотұрағына барып, еңбек ұжымымен кездескен МАИ қызметкерлері мекеменің көлік жүргізушілеріне қалада ұйымдастырылып жатқан «Борышкер» акциясының мақсатын түсіндірді.

Жол қозғалысын бұзып, айыппұл төлеуге міндетті болған азаматтың мемлекетке төленер берешегінің уақытылы төленуі бюджет саласында еңбек етіп жүрген өздері сияқты азаматтардың еңбекақыларын уақытылы алып, отбасын қаржылай қамтамасыз етуге септігін тигізетінін жеткізді.

 

Ақтау қаласы Ішкі Істер Басқармасы Әкімшілік полициясының әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы полиция майоры Ербол Тілегенұлы Капсалиев:

- Бүгінгі өткізіп жатқан шара – жұртшылыққа салынған айыппұлды уақытылы өндіру, өндірілмей жүрген айыппұлдарды қалай өдіруге болатын жолдарын көрсетіп, ол төленбеген жағдайда қандай шара қолданылады, - осылардың бәрін айтып, ескертіп, жұртшылыққа хабарлау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

 

Осындай түсіндіру жұмыстарын көптеген мекеме, кәсіпорындарға барып, жұртшылыққа ұғындыруды көздеп отырмыз. Сонымен қатар кездесу барысында жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысын бұзбау сияқты қағидаттарды сақтауға барлық азаматтарды - қала тұрғындарын шақырамыз, - деді.

 

МАИ қызметкерлері шара кезінде мекеменің жүргізушілеріне өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қызмет бабында жол қозғалысына қатысты кездескен мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтуға мүмкіндік берді.

 

Жүргізушілердің тарапынан қала жолдарында кездесетін кейбір проблемаларға шағым айтылып, олардың шешімін табуға МАИ қызметкерлерінен көмек сұралды.

 

 

Бөлім басшысы полиция майоры Ербол Капсалиев жүргізушілерге ҚР ӘҚБ Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы әңгімелей келе, мемлекет тарапынан айыппұлды төлеуге арналған кейбір жеңілдіктердің бар екенін, мысалы айыппұл салынған соң ол алғашқы 7 күн ішінде төленсе, оның тең жартысын ғана өтеу мүмкіндігі бар екенін ескертіп өтті.

 

Сонымен қатар қоқыс тасымалданатын үлкен машинаны тізгіндеп жүрген жүргізушулерді балалардың жаззғы демалысы басталуына орай сақтық шараларын алуға, жол қозғалысының ережелерін сақтауға шақырды.

 

Айыппұл төлеу берешегін өтеген кезде оның төленгені туралы түбіртекті тиісті маманға көрсетіп, тіркетуі қажет екенін, сол жерде өзінің айыппұлдары туралы арнайы базада сақталатын мәліметті компьютерден шығартып алуға болатынын айтып ескертті.

 

Әкімшілік полиция тарапынан ұйымдастырылған «Борышкер» акциясы ертеңгі күні де өз жалғасын тауып, МАИ қызметкерлері өзге кәсіпорындар ұжымдарымен кездесіп, айыпұл бойынша қарызды дер кезінде өтеу қажеттігін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыра түспек.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему