ЭҚЖЖ-дағы өзгерістер: 2026 жылғы 1 шілдеден бастап салық төлеушілерге не білу керек
29 Июля 2026 (11:33) | 1
|
Автор: Редакция
Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұрбаев Еркінбек Аманқұлұлымен сұхбат
— Еркінбек Аманқұлұлы, 1 шілдеден бастап Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) жаңа редакциясы күшіне енді. Қысқаша айтып беріңізші, не өзгерді және бұл неліктен маңызды?
Нұрбаев Е.А.: Иә, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ЭҚЖЖ-тың жаңартылған редакциясы қолданысқа енді. Ол халықаралық жіктеуге сәйкес келтірілді. Өзгерістер қазіргі заманғы қызмет түрлерін, жаңа кәсіптер мен бизнес бағыттарын дәлірек көрсетуге бағытталған. Кейбір кодтар нақтыланып, егжей-тегжейлі болды, ескіргендері алынып тасталды, жаңалары қосылды. Ең көзге түсетін өзгерістер бөлшек саудаға (соның ішінде нысанның ауданына байланысты), туристік қызметке, курьерлік қызметтің жекелеген түрлеріне, сондай-ақ газ сатуға және робототехника өндірісіне қатысты болды.
— Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін жаңа кодтарға көшу қалай жүріп жатыр?
Нұрбаев Е.А.: Салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін көшу автоматты түрде — ескі кодтарды жаңаларымен салыстыру арқылы орындалды. Алайда қателерді толық жоққа шығаруға болмайды. Кейбір қызмет түрлеріне жаңа кодтар берілді немесе олар неғұрлым детальды бөліктерге бөлінді. Сондықтан біз барлық ЖК мен ЖШС-ке көшуден кейін қандай ЭҚЖЖ коды берілгенін өз бетінше тексеруді және қажет болған жағдайда мәліметтерді жаңартуды ұсынамыз.
— Егер код дұрыс өзгермесе не істеу керек? Мысалы, Бейнеу ауданының тұрғындары қайда жүгінуі керек?
Нұрбаев Е.А.: Ең алдымен салық төлеушінің жеке кабинетінде немесе электрондық қызметтер сервистері арқылы ақпаратты тексеру қажет. Сәйкессіздік анықталған жағдайда Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады. Біз кеңес беруге және өзгерістерді дұрыс енгізуге көмектесуге дайынбыз. Есептілікті тапсыру, рұқсат құжаттарын алу немесе мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде мүмкін болатын қиындықтарды болдырмау үшін мұны уақтылы жасаған жөн.
— Кәсіпкерлерге қандай кеңес бересіз?
Нұрбаев Е.А.: ЭҚЖЖ кодтарын тексеруді кейінге қалдырмаңыздар. Бұл формальдылық емес, дұрыс салықтық және статистикалық есептің маңызды элементі. Уақтылы жаңарту қателерді болдырмауға және бизнесті тыныш жүргізуге көмектеседі. Біздің мамандар әрқашан байланыста және көмектесуге дайын.
ЭҚЖЖ тізімі
|
Қызмет түрі |
ЭҚЖЖ БҰРЫН |
ЭҚЖЖ ҚАЗІР |
|
Газды сату
|
35230 — Құбырлар арқылы газ тәрізді отынды сату
|
35231 — Құбырлар арқылы сұйытылған мұнай газын сату
35232 — Құбырлар арқылы газ тәрізді отынды (сұйытылған мұнай газынан басқа) сату |
|
47301 — Автожол бойындағы объектілерді қоспағанда, мотор отынының бөлшек саудасы
|
7301 — Автожол бойындағы объектілерді қоспағанда, мотор отынының (сұйытылған мұнай газынан басқа) бөлшек саудасы
47304 — Сұйытылған мұнай газының бөлшек саудасы |
|
|
47303 — Автожол бойындағы объектілерде мотор отынының бөлшек саудасы
|
47303 — Автожол бойындағы объектілерде мотор отынының (сұйытылған мұнай газынан басқа) бөлшек саудасы
47304 — Сұйытылған мұнай газының бөлшек саудасы |
|
|
47785 — Өзге де бөлшек сауда (сауда алаңы 2 000 м² және одан көп)
|
47785 — Өзге де бөлшек сауда
47786 — Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған газды сату (сауда алаңы 2 000 м² және одан көп) |
|
|
47789 — Өзге де бөлшек сауда (сауда алаңы 2 000 м²-ден аз)
|
47787 — Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған газды сату (сауда алаңы 2 000 м²-ден аз)
47789 — Өзге де бөлшек сауда |
|
|
Азық-түлік дүкендері
|
47111 — сауда алаңы 2 000 м²-ден аз дүкендер |
47115 — 500-ден 2 000 м²-ге дейін
47116 — 100-ден 500 м²-ге дейін
47117 — 100 м²-ден аз |
|
47112 — сауда алаңы 2 000 м² және одан көп дүкендер |
47113 — 10 000 м²-ден көп
47114 — 2 000-нан 10 000 м²-ге дейін |
|
|
Курьерлік қызмет
|
3200 — өзге де пошталық және курьерлік қызмет
|
53201 — курьерлік жеткізу (пошталық жіберілімдерден басқа)
53209 — өзге де пошта қызметі |
|
Туристік қызмет
|
79900 — брондау және ілеспе қызметтер бойынша өзге де қызметтер
|
79901 — туристік нұсқаушылардың, экскурсоводтардың және туризм бойынша инструкторлардың қызметі
79909 — брондау және ілеспе қызметтер бойынша өзге де қызметтер
|
|
Роботтар өндірісі
|
28999 — өзге де арнайы мақсаттағы машиналарды өндіру
|
28997 — өнеркәсіптік роботтар мен робототехникалық құрылғыларды өндіру
28999 — өзге де арнайы мақсаттағы машиналарды өндіру |
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz




