Маңғыстау облысының прокуроры облыс тұрғындарын қаржы пира-мидасына ақша салуды үгіттеуші алаяқтардың әрекеттерінен сақ болуға шақырады
21 Мая 2017 (10:39) | 2509 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгінгі таңдағы қоғамның өзекті мәселесіне айналған қаржы пирамида-ларының алаяқтық әрекеттерінен сақтану қажеттігі туралы Маңғыстау об-лысының прокуроры Дастан Шаймерденұлы Сартаевтың облыс тұрғын-дарына арналған үндеуін ұсынамыз.
-Азаматтық қоғамның дамуы және тұрғындардың экономикалық әл-ауқатының өсуімен қатар, азаматтардың есебінен алаяқтардың материал-дық баюының жаңа және жетілдірілген жүйелері мен әдістері де күш алу-да.
Қаржы пирамидасы – экономикада кең таралған көрністердің бірі. Азаматтар мен ғаламтор желілері арқылы түскен ақпараттарға жүргізіл-ген талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда қаржы пирамидасы қағидасында әрекет етуші құрылымдардың таратылуының кезекті толқы-ны байқалады.
Нарықта осы құрылымдарды қаржыландыру арқылы жылдам және қомақты қаржы табу туралы көптеген ұсыныстар бар. Бірақ оны қалай дұрыс жасау керектігін барлығы бірдей біле бермейді. Оны алаяқтар өз мақсаттарына пайдалануда.
Әдеттегідей қаржы пирамидасында ұзақ мерзім ұстап тұру мүмкін-дігі жоқ үлкен табыстарға уәде беріледі, ал пирамиданы ұйымдастырушыға қатысушылар алдындағы міндеттемелер орындалмайтыны алдын-ала бел-гілі болады.
Осыған орай, қаржы пирамидасының адал ұйымдардан үш негізгі айырмашылығын айқындап өткім келеді.
Біріншіден, олар апта сайын немесе ай сайын орасан зор пайдаға ке-нелтемін деген уәдемен адамдарды жаппай өздеріне тартады.
Екіншіден, олар шет елде тіркелген және әлдебір жобаны қаржылан-дыру үшін қаржы тарттырады. Шын мәнісінде, мұндай жобаның барын тексере алмайсыз, болашақта түсетін табысты ойлап, кейіннен ол жобаға мүлдем қызығушылық танытпайсыз.
Үшіншіден, олар сіз жаңа клиенттер әкелсеңіз, қосымша табыс тө-лейтіндерін уәде етіп үнемі ынталандырып отырады.
Осы белгілердің барлығы, Қазақстанда жарнамасы мен қызметіне тыйым салынған қаржы пирамидасына тап болғаныңызды көрсетеді (ӘҚБ Кодексі 150-бап және ҚР ҚК 217-бап).
Маңғыстау облысының тұрғындарын, қаржы пирамидасының белгіле-рі бар, күмәнді компанияларға қаржыларын орналастыруға өзіне тоқтам салу туралы ескертемін, - деп мәлімдеді облыс прокуроры.
«Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, Маңғыстау облыстық ішкі іс-тер Департаментіне немесе мемлекеттік кірістер Департаментінің экономика-лық тергеу қызметіне жүгінуіңіз қажет», - деп ескертті Дастан Шаймер-денұлы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему