Мұнайлыда биыл үш жеке меншік мектеп ашылады
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 08:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлыда биыл үш жеке меншік мектеп ашылады

25 Февраля 2020 (10:31) | 1550 | Автор: Нурганым Имашева

Биыл Мұнайлы ауданына қарасты  Атамекен (600 орындық), Басқұдық (300 орындық) және Қызылтөбе (500 орындық)  ауылдарында   жеке меншік мектептер ашылып, қолданысқа берілмек. Бұл туралы  Маңғыстау облысы «Қоғамдық коммуникация орталығында» болған брифингте Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мәлім етті.

 

 

Ауданда халық саны биыл 169 900 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8 600 адамға көбейген. 5 658 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, нәтижесінде 10 097 адам жұмыспен қамтылған.

 

-Сондай-ақ 35 жеке инвестициялық жобалар жүзеге асып, 690 жұмыс орны құрылды. Әлеуметтік саланың ең маңызды бөлігі білім саласына 11 907,2 млн теңге бөлініп, аудан бюджетінің 55,8 құрады.

 

Қазір ең өзекті мәселе үш ауысымдық оқыту. Бұл мәселелерді шешу үшін, 5 мектептің жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын бастауға жұмыстанатын боламыз,- деді аудан әкімі.

 

Балабақшамен қамту бойынша өткен жылы 100% құраған.

 

-Былтыр ауданда 4000 жұмыс орнын ашу жоспарланса, бүгінде 4300 жұмыс орны құрылды. Атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларға 100 мың теңгеден бір жолғы жәрдемақы тағайындалды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3232 отбасы, 18276 адам атаулы әлеуметтік көмек алды. 4247 көп балалы отбасыларға тегін жол жүру куәлігі берілді, - деді әкім.

 

Қазіргі уақытта үй кезегінде тұрғандардың саны 3080 адамға жеткен. «Бақытты отбасы» жобасы аясында әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлері жергілікті бюджет есебінен жүргізілуде. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде тұрған 125 азаматқа жолдама беріліп, 47 отбасы баспаналы болған.

 

«Әр қазақ менің жалғызым» акциясы аясында Батыр ауылдық округінен 2 тұрғын үй аудан халқының қолдауымен салынып, қараша айында берілді. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша аудан тұрғындарының 74,1% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

 

Өткен жылы Қызылтөбе ауылдық округінде су желісі құрылысына республикалық бюджеттен 760 млн теңге бөлініп толықтай игерілді. Құрылыс монтаждау жұмыстары 55%-ға орындалған.

 

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттен 631,9 млн теңге бөлініп оған ауылдың көше жарығын және ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша 10 жоба, 1 құрылыс жобасы мақұлданып, толығымен аяқталған. 

 

Суреттерді түсірген Қоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему