Маңғыстауда онкологиялық сырқатқа шалдыққан балалар саны азаймай тұр
Курс валют в Актау
на 06/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Мая, 17:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда онкологиялық сырқатқа шалдыққан балалар саны азаймай тұр

16 Февраля 2019 (11:28) | 2185 | Автор: Нурганым Имашева

15 ақпан – Халықаралық балалар обырымен күрес күні болып белгіленген.

 

 

-Балалардағы онкологиялық ауруларды анықтау – өте күрделі үрдіс болып табылады. Көбіне көп балалардағы байқалатын белгілер: әлсіздік, өңінің қашуы, жүрегі айнып, құса беруі. Біздің аймаққа тән сырқаттар қатарына жататындар: қан айналымы жүйесінің аурулары (лейкоздар): лимфобластты және миелобластты лейкоз бен апластикалық анемия.

 

Обыр ауруларын емдеп жазудың бірден бір негізі - бұл дер кезінде диагноз қою. Ата-аналар өз перзенттерінің денсаулығындағы өзгерістерге және ерекше белгілерге жете мән беруі өте маңызды,- дейді Облыстық балалар ауруханасының педиатрия бөлімінің меңгерушісі Утегенова Айгерім Орақбайқызы.

 

Лейкоз сырқаты - онкологиялық аурулардың ішінде ең жиі кездесетіні. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігерілерінің мәлімдеуінше, аймақта 2012 жылы - 2 бала, 2013 жылы - 3 бала, 2014 жылы - 3 бала, 2015 жылы - 1 бала, 2016 жылы - 7 бала, 2017 жылы - 6 бала, 2018 жылы - 3 бала тіркеуде тұрған.

 

 

Сонымен қатар, әр жылдары онкологиялық сырқатқа жататын гистиоцитозбен – 3, ретинобластомамен – 9, нейробластомамен – 6, апластикалық анемиямен 6 бала дәрігерлік бақылауға алынған.

 

- Біз әр түрлі аурумен келген балаларды тексеруден өткізген соң, онкологиялық ауру деп болжаймыз, сөйтіп Астана, Алматыға нақты тексерілуге жібереміз. Сырқат балаларды көбіне Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығына жібереміз.

 

Сол жақта нақты диагноз қойылып, белгілі бір уақыт ем алған соң, ата-аналар бізге сырқат тарихының көшірмесімен келеді. Сол құжатпен келген балаларды ғана тіркеуге аламыз, - дейді Облыстық балалар ауруханасының педиатры Қостұрлиева Әселхан Ералықызы.

 

Суреттер informburo.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему