Ұлттық ұлан әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды
14 Июля 2026 (15:34) | 1
|
Автор: Абдрасул Абдрашит
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Мәди Жеткерген Қытайдың Тайбэй қаласында өткен дзюдодан Ашық Азия кубогында алтын медаль жеңіп алып, ел қоржынына кезекті халықаралық жүлдені салды.
11–12 шілде күндері ұйымдастырылған халықаралық турнирге 23 мемлекеттен 236 спортшы қатысты. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген жарыста Қазақстан құрамасының намысын 14 дзюдошы қорғады.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Мәди Жеткерген 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық белдесуін сәтті өткізіп, қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Мәди Жеткерген әскери қызметін Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінде атқарып жүр. Ол әскери міндетін абыроймен атқара отырып, халықаралық спорт додаларында да жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
– Қазақстанның көк Туын халықаралық аренада көтеру – мен үшін үлкен мәртебе. Әрбір белдесуге бар күш-жігерімді салып шықтым. Бұл жеңіс – ұзақ жылғы еңбектің, жаттықтырушыларымның, командирлерімнің, қарулас достарымның және отбасымның қолдауының жемісі. Маған сенім артқан барша жанға алғысымды білдіремін. Бұл жеңіс алдағы жарыстарда бұдан да биік нәтижелерге жетуге жігер береді, – деді Мәди Жеткерген.
Айта кетейік, дзюдодан Ашық Азия кубогы әлемдік рейтингтік ұпайлар берілетін халықаралық турнирлердің бірі саналады. Мұндай жарыстар спортшылардың құрлықтық және әлемдік деңгейдегі ірі додаларға дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz






