Полиция Департаментінің бастығы Қ.Таймерденов: «Облыс аумағында жедел жағдай бірқалыпты»
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 09:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Полиция Департаментінің бастығы Қ.Таймерденов: «Облыс аумағында жедел жағдай бірқалыпты»

29 Мая 2019 (09:44) | 2334 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Полиция Департаменті Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «28 мамыр күні Маңғыстау облысы ПД бастығы Қ.Таймерденов облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен жиналысқа қатысты.

 

 

Полиция басшысы биыл 17 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен ҚР ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында айтылған ішкі істер органдарының алдағы уақытта атқаратын басым бағыттары айқындалған іс-шаралар туралы мәселені көтерді, нақтырақ айтқанда, барлық автокөлік жолдарындағы адам өлімін болдырмау, есірткі бизнесіне қарсы күрес, бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде мал ұрлығына аса мән бере отыра іс-қимыл атқару және педофилияға қарсы күрес.

 

Аталған басым бағыттар бойынша полициямен бірқатар іс-шаралар атқарылды, бүгінгі күні оң нәтижелерге қол жеткізуде.

 

Жалпы облыс аумағында жедел жағдай бірқалыпты екендігін айтып өтті».

 

-5 айдың қорытындысы бойынша қылмыс саны 5,5 %-ға төмендеді, оның ішінде ауыр қылмыс 7,4 %–ға және аса ауыр қылмыс 14,3 %–ға азайды.

 

Сондай-ақ, қарақшылық шабуыл 20 %-ға, тонау 41,8 %-ға, бөтен мүлікті ұрлау 15,1 %-ға, оның ішінде мал ұрлығы 30,8 %-ға, бұзақылық 26,4 %-ға төмендегені байқалады.

 

Қоғамдық орындарда 8,8 %-ға, оның ішінде көшеде 19,8 %-ға, оның ішінде жасөспірімдермен 41,7 %-ға аз қылмыс жасалды.

 

5 ай ішінде барлығы 1292, оның ішінде аса ауыр және ауыр қылмыс ашылды.

 

Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша 200-ден астам есірткі құқық бұзушылық және 25 есірткі қылмысы, оның ішінде өткізу мен аса ірі мөлшерде сақтау деректері анықталды.

 

Заңсыз айналымынан барлығы 100-ден астам есірткі құралдары тәркіленді.

 

 

Наурыз айында Маңғыстау облысында есірткі заттарды жеткізу және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.

 

ҰҚТ қатысушыларға аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 262-бабында көрсетілген, яғни «ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және басқарғаны үшін» айып тағылды.

 

5 ай қорытындысы бойынша аумақта апаттылық жағдайы ЖКО санының 16,1 %, соның салдарынан қаза тапқан және жараланған азаматтардың саны төмендеуімен сипатталады.

 

Президент белгілеген негізгі қызмет бағыттары бойынша оң нәтижелер бар,- делінген Баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасы бойынша облыс аумағында полициямен ойын мекемелерінің қызметтері тексеру жүргізіліп, заңсыз жұмыс жасап жүрген 61 букмекерлік кеңсе анықталды.

 

Статистикаға сүйенсек, соңғы 5 жыл ішінде букмекерлік кеңселерде 69 қылмыс жасалды.

 

ПД басшысы барлық мемлекеттік органдарды букмекерлік кеңселерді тексеру және заңсыз қызметтерді жою бағыты бойынша күш біріктіруге шақырып, БАҚ-да кеңінен жариялау керектігін айтып өтті.

 

 

Суреттер Маңғыстауоблысы әкімдігінің сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему