АҚТАУ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ ТЕҢІЗШІЛЕР ЖАҢАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАЛ ОТЫРҒЫЗДЫ
Курс валют в Актау
на 03/04/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Апреля, 03:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

АҚТАУ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ ТЕҢІЗШІЛЕР ЖАҢАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАЛ ОТЫРҒЫЗДЫ

20 Марта 2026 (12:30) | 1 | Автор: Редакция

Наурызнама аясында 19 наурыз – Жаңару күні қарсаңында Ақтау гарнизонында Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің жеке құрамы экологиялық және абаттандыру шараларын өткізді.

Іс-шара барысында әскери қызметшілер Ақтау қаласындағы әскери бөлім аумағында, сондай-ақ Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылында орналасқан Қызылөзен маягі маңында жүзге жуық тал мен гүл отырғызды. Сонымен қатар аумақтарды тазарту жұмыстары жүргізілді.

Аталған бастама Наурызнама бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау, туған жерді көркейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

– Бүгін гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің жеке құрамы бекітілген жоспарға сәйкес Жаңару күніне орай әскери бөлім мен маяк аумақтарында талдар мен гүлдер отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Жеке құрам өздерінің еңбекқорлығын, бірлігін және достық қарым-қатынасын тағы бір мәрте көрсетті, – деді гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, 3-дәрежелі капитан Ерлан Сабиғат.

Өткізілген іс-шаралар әскери қызметшілер арасында бірлік пен жауапкершілікті нығайтып, қоршаған ортаға деген қамқорлықты арттыруға ықпал етті

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему