Қос балуанды байрақты бәсекеге шығарып салды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 05:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қос балуанды байрақты бәсекеге шығарып салды

30 Июня 2017 (12:24) | 2344 | Автор: Нурганым Имашева

Биыл жетінші мәрте елорда төрінде Елбасы Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді.

 

 

Осы сайыста Маңғыстаудың  намысын Нұрдәулет Жарылғапов (лақап аты-Қара бура) пен Мейрамбек Жаңабай (лақап аты-Ер Шеген) қорғайды. Қос балуанға сәттілік тілеп, облыс ақсақалдары ақ батасын беріп, байрақты бәсекеге шығарып салды. Салтанатты шараны Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясы ұйымдастырды.

 

               

-Республикалық жарыста бұл жолы облыс намысын қорғау Нұрдәулет Жарылғапов пен Мейрамбек Жаңабайға бұйырып отыр. Қос балуанымызға ақ жол тілейміз.

 

Биылғы жарыстың ерекшелігі - бұған дейін «Қазақстан барысының» республикалық кезеңінде жеңімпаз атанған балуандар қатыспайды. Сондықтан да үмітіміз зор.

 

Жалпы, бұл жобаның мақсаты - төл спортымыздың өрісін кеңейту, ұлттық дәстүрді жаңғырту арқылы өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, - деді Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясының президенті, облыстық мәслихаттың депутаты Аббат Өрісбаев.

               

Биыл облыста ұйымдастырылған «Каспий көкжалы» спорттық додасына аудан, қалаларда өткен іріктеу турнирлерінде жеңімпаз атанған 15 балуан қатысқан болатын. Ұлттық спортымызды ұлықтауға арналған жарыста Нұрдәулет Жарылғапов мықтылардың ішінен дараланып, бірінші орынды жеңіп алды. Қазақша күрестің мәртебесін көтеріп, жастарға үлгі болып жүрген Мейрамбек Жаңабай екінші орынға табан тіресе, Ғалымжан Шолтаев үшінші орынға жайғасты.  

 

               

Тарқатып айтсақ, биыл «Қазақстан барысына» 34 балуан қатысады деп күтілуде. Бабы мен бағы келіскен балуан ақшалай сыйлық пен чемпиондық белбеуге ие болады. Финалдық кездесулер «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему