Қарақия ауданынында төтеншеліктер «Тұрғын үй-2018» айлығын өткізуде
9 Октября 2018 (16:19) | 2151 |
Автор: Нруганым Имашева
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Тұрғын үй -2018» айлығы аясында «Төтенше жағдайлар бөлімі», «№2, №11 өрт сөндіру бөлімінің» жеке құрамы, «Жергілікті полиция қызметі», «КазТрансГазАймақ» қызметкерлерімен бірлесіп күшейтілген түрде үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде.
Аудан тұрғындары арасында тұрмыстық жағдайда үй жылыту қазандығы және газ пешін пайдалану кезінде табиғи газдың қолданылуына байланысты өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталуы және төтенше жағдайлардың алдын алуы қатаң ескертілуде.
Төтенше жағдай бөлімінің мамандары елді мекен тұрғындарына үйдегі өрт қауіпті заттарды асыра пайдаланбауға, жылыту қазандығын дұрыс орналастыруға және оны дұрыс пайдалануға, егер өрт болғанда немесе төтенше жағдай болған кезде «101», «112» телефондары арқылы уақытылы көмек шақыру т.б жөнінде өздері мен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі үшін өрт қауіпсіздік ережелерін әрдайым қадағалап жүрулерін ескертеді.
Сондай-ақ үйдегі кішкентай балаларға оттық немесе басқа да өрт қауіпті заттарды пайдалану кезінде абай болуларын ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қарақия аудандық ТЖ бөлімі бастығының м.а. азаматтық қорғау аға лейтенанты Данияр Елшібаев
Суреттерді түсірген Қарақия аудандық ТЖ бөлімі
Зарегистрируйтесь или войдите в систему