Психолог мамандығы – адамдарға көмектесудің асыл жолы
Курс валют в Актау
на 12/03/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
12 Марта, 15:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Психолог мамандығы – адамдарға көмектесудің асыл жолы

12 Марта 2026 (11:09) | 71 | Автор: Редакция

Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Орал қаласында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары «Психолог мамандығы» атты интерактивті көрме-конференция ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға психологтың кәсіби қызметі туралы қазіргі ғылыми тәсілдер, теориялар мен тәжірибелер аясында тұтас түсінік қалыптастыру, сондай-ақ жастардың бұл мамандыққа деген қызығушылығын арттыру болды.

Конференция барысында қатысушылар психология ғылымының өзекті мәселелерін, қазіргі қоғамдағы психолог мамандарының рөлін, сондай-ақ олардың білім беру, әлеуметтік және құқық қорғау салаларындағы практикалық қызметінің маңызын талқылады. Сонымен қатар болашақ психологтарды кәсіби даярлау, олардың кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Конференция жұмысына түрлі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардан келген психолог мамандар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар әр саладағы қызметтің ерекшеліктері туралы айтып, психологиялық көмек көрсетудің заманауи тәсілдерін талқылады.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығынан тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының аға офицер-психологы майор Айнура Халилова қатысып, баяндама жасады. Ол өз сөзінде әскери ұжымдардағы психологиялық жұмыстың ерекшеліктеріне тоқталып, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық тұрақтылығын қалыптастырудың және бөлімшелерде қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды сақтаудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ әскери психологтардың қызметі мемлекеттік саясаттағы негізгі бағыттардың бірі – «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырумен тікелей байланысты екені айтылды. Психологиялық жұмыс әскери тәртіпті нығайтуға, әскери қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға және әскери ұжымдарда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Осындай іс-шаралар білім беру ұйымдары мен тәжірибелі мамандар арасындағы өзара байланысты нығайтып, жастардың психолог мамандығының қоғамдағы маңызын терең түсінуіне, сондай-ақ тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін ұғынуына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему