Қазақстанның батысында барлау бөлімшелерінің жаттығулары өтуде
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 14:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қазақстанның батысында барлау бөлімшелерінің жаттығулары өтуде

26 Июля 2021 (12:56) | 2186 | Автор: Редакция

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу жаттығу полигондарында күндізгі және түнгі уақытта әскерилердің қорғаныс, шабуыл және басқа да арнайы әскери әрекеттері бойынша рота-тактикалық жаттығулары өткізілуде.

Оқу-жаттығулары барысында жеке құрамның дұрыс тактикалық іс-қимылдарына, қару-жарақты қолдану және бөлімшелердің атысын басқаруды шебер және тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға басты назар аударылды.

- Жеке құрам тапсырмаларды штаттық және қосымша берілген қарулы күштердің барлық түрлерінен атыс жүргізу арқылы аяқтады. Әр түрлі қашықтықтағы нысаналар жойылып, қол гранаталары лақтырылып, түнде көру құрылғылары арқылы оқ атылды , - деді 41433 әскери бөлімі барлау взводының командирі лейтенант Рысбек Кучкаров.

Командирлер жаттығуларды ұйымдастырудың бастапқы мәліметтерін анықтау, оқу аймағын таңдау, барлау және дайындау, жауынгерлік құжаттарды әзірлеу дағдыларын жетілдіре алды. Жеке құрам жауынгерлік дайындықтың алғашқы кезеңдерінде алған білімдерін іс жүзінде бекітті.

Барлаушы ротамен өтетін оқу-жаттығулар жауынгерлік дайындықтың ең жоғары және тиімді формасы болып табылады. Оның барысында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі артып, әртүрлі ұрыс түрлерінде барлау тапсырмаларын орындау дайындығы артып отырады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему