«Заң және Тәртіп»
28 Марта 2025 (11:45) | 1454 |
Автор: Редакция
Ақтау өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының патрульдік – постық қызметінің жеке құрамымен, 2025 жылғы наурыз айының жоспарының 3 тармағын «Заң және Тәртіп»айлық жоспарын орындау мақсатында, 2025 жылғы наурыз айында Ақтау өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының патрульдік – постық қызметімен, Маңғыстау облысы полиция Департаментінің есірткіге қарсы ұйымдасқан қылмыспен көресі басқармасымен және облыстық наркологиялық орталықтың нарколог мамандарымен бірлесіп, Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде, ооларға бағынышты бөлімшелердің жеке құрамына алкогольдік ішімдікті, есірткі заттарын тұтыну адам денсаулығына зияындығы және сол бойынша орын алатын құқықбұзушылықтарды жеткізу бойынша компекістік алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек, қатысушыларға, есірткі затын тұтыну, пайдалану, сақтау және тасымалдау деректері үшін қылмыстық жауаптылықтарды жеткізу бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде Маңғыстау облысы полиция Департаментінің кинология қызметінің арнайы үйретілген қызметтік итті пайдалана отырып есірткі заттарын тұтынудың жолын кесу, нашақорлық, әскери қызметшілер арасында нашақорлықтың тарауына жол бермеу немесе басқа да бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізілді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему