Ақтауда дзюдодан Халықаралық турнир өтеді
30 Октября 2018 (12:28) | 2719 | Автор: Нурганым Имашева
30 қазан күні Ақтау қаласында дзюдодан халықаралық турнир басталады. Дәстүрлі түрде тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған жарыс КСРО спорт шеберіне үміткер Баламұрат Ақшабаевтың жүлдесіне арналған.
24 шағынаудандағы облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтетін жарысқа 2002-2004 және 2005-2007жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысады.
Дүбірлі додаға Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның он бір облысы мен қаласынан (Астана, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан) – барлығы 550 спортшы келіп қатысады деп күтілуде!
-Бұл жарыстың ауқымы кеңейіп, жыл санап қатысушылардың қатары да артып келеді. Бұл, әрине қуантатын жағдай.
Өткен жылы аталмыш жарысқа еліміздің барлық аймағынан және көршілес мемлекеттерден келген 700-ден астам дзюдошылар қатысқан болатын.
Маңғыстау облысының құрамасы екі жыл қатарынан командалық есепте бірінше орыннан түскен емес. Биылғы жылдан да үміт көп,-дейді жарысты ұйымдастырушылар.
Турнирдің мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, жас дзюдошылардың шеберлігін шыңдап, спортшылар арасында достық қарым-қатынас орнату.
Жарыстың бас төрешісі - Халықаралық дәрежедегі төреші Талғат Аманжолұлы Есекенов, бас xатшысы, ұлттық дәрежедегі төреші Хапанов Асxат Жангелдіұлы.
Сайысты ұйымдастырушы – Маңғыстау облысының спорт басқармасы және «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.
Аталған жарыс ҚР спорт министрлігі және ҚР дзюдо федерациясының күнтізбесіне еңгізілген.
Турнирде 1,2,3 орын алған спортшылар «Дзюдодан ҚР спорт шеберлігіне үміткер» атағын иеленеді.
Халықаралық жарыс 30-31 қазан күндері 24 шағынаудандағы облыстық «Жас батыр» МБЖСМ-да өтеді. Тамашалау тегін.
Суреттер автордыкі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему