Қаржылық тәуелсіздік: қазақстандық жастар қай жасынан жұмыс істей бастайды
12 Декабря 2024 (16:14) | 1725 | Автор: Редакция
Бүгінде көптеген жас қазақстандықтар ерте жастан қаржылық тәуелсіздікке ұмтылады. «Робокэш.кз» МҚҰ талдаушылары (Займер бренді) жүргізген зерттеудің нәтижелері бойынша жастар 16-17 жасында-ақ ақша табуға ұмтылатыны анықталды.
Зерттеуге сәйкес 16 мен 21 жас аралығындағы респонденттердің 89%-ның тұрақты жұмыс немесе уақытша қосымша ақша табатын жұмысы болсын, табыс табуда тәжірибесі бар. Олардың ішінде сауалнамаға қатысқандардың 52%-ы кәмелетке толғаннан кейін ақша таба бастаса, ал 48%-ы 16 жастан бастап қосымша күнкөріс көзін табуға тырысқан.
Сонымен қатар респонденттердің 23%-ы алғашқы табысын 14-15 жасында толық емес жұмыс күнінде немесе жазғы демалыста алған.
Жастардың көпшілігі оқуды жұмыспен қатар алып жүреді. Мысалы, кәмелетке толған қазақстандық студенттердің 57%-ы оқуды толық емес жұмыс күнімен ұштастырады, бұл жастар арасында, әсіресе Алматы, Астана және Шымкент қалаларында қосымша табысқа деген жоғары қажеттілікті көрсетеді.
Бір қызығы, зерттеу аясында сауалнамаға қатысқандардың 14%-ы 2 немесе одан да көп жерде қосымша жұмыс жасайтынын айтты.
Зерттеуге қатысушылардың жалпы санынан 18 бен 23 жас аралығындағы жас қазақстандықтардың 45%-ы ата-аналарының қолдауына сүйенбейтінін хабарлады.
Қаржы жағынан ата-анасына тәуелсіз жастардың 25%-ы мұндай қаржылық тәуелсіздікке кәмелетке толған күні келгенін мәлімдейді. Алайда, респонденттердің 50%-дан астамына ата-аналар туған күндері мен мерекелерде ақшалай сыйлықтар жасайды екен. Бұл ретте мұндай сыйлықтардың сомасы 5 мыңнан 100 мың теңгеге дейін құрайды. 30%-ы үлкен сауда жасау үшін ата-анасынан қарыз алатынын мойындады.
23 жасқа дейінгі жастардың 20%-ы толықтай ата-аналарының есебінен өмір сүреді, атап айтқанда, бұл ата-аналардың қаржылай көмегі негізгі табыс көзі болып табылатын студенттерге қатысты.
Қалған бөлігі өз еңбегімен тапқан ақшасын да пайдаланады және ата-анасынан ай сайынғы қаржылай көмекті де алады.
Азаматтардың 8%-ы табыс көздерінің бірі әлеуметтік жәрдемақыларды да атап өтеді. Бұл санатқа негізінен ауылдық жерлерде тұратын азаматтар кіреді (74%).
Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері де стипендия алады (32%), бірақ оның мөлшері жас азаматтардың барлық қажеттіліктерін жаппайды, бұл оларды қосымша табыс көздерін немесе жұмыс іздеуге итермелейді.
Қазақстан жастары арасында кәсіпкерлік белсенділік те бар, дегенмен мұндай адамдардың үлесі салыстырмалы түрде аз. Сарапшылар респонденттердің 3%-ы өздерінің шағын бизнесі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың 65%-ы болашақта бизнес құрғысы келетінін хабарлады.
«Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері Қазақстан жастарының еңбек өміріне белсенді араласып жатқанын көрсетеді. Қаржылық тәуелсіздік көптеген жастар үшін маңызды мақсат болып қала береді және көпшілігі қосымша жұмыс, кәсіпкерлік және басқа көздер арқылы қосымша табыс табу мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады», - дейді Робокэш.кз МҚҰ Бас директоры (Займер бренді) Алмаз Торутаев.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2024 жылғы қазанда 16-24 жас аралығындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы – 250 518 теңгені, 25-34 жас – 347 985 теңгені, 35-44 жас аралығында 397 468 теңгені құрады. Бұл жағдайда жаңадан ісін бастаған мамандардың орташа табысы басқа жас топтарына қарағанда төмен.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему