Аймақта төрт мешіттің құрылысы жүргізілуде
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 23:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақта төрт мешіттің құрылысы жүргізілуде

5 Мая 2019 (21:55) | 2637 | Автор: Нурганым Имашева

«Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков айлардың сұлтаны Рамазан айында жасалатын құлшылықтар мен биылғы оразада болатын өзгерістерістерге қатысты мәлімет берді.

 

 

Рамазан – мұсылмандардың ұлық мерекесі. Бұл айда ислам дінін ұстанатын барлық халық дәстүрлі түрде таң атқаннан күн батқанға дейін өзін тамақтан тияды. Биылғы рамазан айындағы өзгерістерге қатысты түсініктеме беріп кеткен С.Сейтбеков қасиетті уақыт жыл сайын келсе де, Рамазанның басталуы әрдайым 1 айға созылмайтынын атап өтті.

 

 

-«Биылғы ораза алдыңғы жылға қарағанда 10-11 күн ерте келеді. 2019 жылы Рамазан айы 6 мамырда басталып, 4 маусымға дейін жалғасады, былтыр 29 күн ауыз бекіткен болсақ, биыл 30 күн ораза ұстайтын боламыз.

 

Қадір түні мамырдың 31 нен маусымның 1-не қараған түн деп белгіленді. Биылғы пітір садақаның ең аз мөлшері орташа есеппен - 300 теңгені құрайды. Дегенмен, адамдар белгіленген мөлшерде қайырымдылық жасай алмаса, онда олар шамасы келгенше садақа беруге де болады.

 

Ал, бұл қаражат жағдайы жоқ адамдардың да осы мерекеге дайындала алуы үшін мешітке немесе мұқтаж жандардың тікелей өзіне тапсырылады. Алайда, мұқтаж жандарға ақша емес, арпа, күріш, құрма, ұн секілді азық-түлік беруге де болады», - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сүйерқұлұлы.

 

 

«Ауызашарда бастысы ысырапшылдыққа жол берілмеу керек»

 

- «Қасиетті рамазан айында сауабы мол амалдың бірі – ауызашар беру. Қазіргі таңда облысымызда ұжым болып мешітте ауызашар беру үрдіске айналып келеді. Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген — ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді.

 

 

Ауызашар беруде ең бір есте шығармауға тиісті ережеміз – ысырап жасамау. Оны жұртқа жария қылып немесе біреуден озып, кісі алдында мақтану емес, ораза ұстаған адамның сауабын алу үшін шын ниетпен беру. Қасиетті рамазан айында Алла разылығы үшін ауыз ашар бергенде бәсекелестікке бой алдыру өте қате амал. Ауызашарда ас та төк тамақ қою міндет емес»,-деді облыстың бас имамы.

 

Облыста құрылысы жүріп жатырған мешіттер

 

-«Облыста 33 мешіт бар, 4 мешіттің құрылысы жүргізілуде. Оның 2-еуі Маңғыстау ауданында Оңды және Жармыш ауылында, 2-еуі Мұнайлы ауданына қарасты Дәулет және Қызылтөбе ауылында. Ал, салынып жатқан жаңа шағын аудандарға қатысты мешіт қажеттігіне байланысты әрине ұсыныстар болуда. Бұл жөнінде қалалық әкімдікке жер мәселесіне байланысты ұсыныс түсірдік» - деді облыстың бас имамы С.Сейтбеков.

 

 

Мұқтаж отбасыларға үй салынып берілді.

 

Бас имамның айтуынша, мешітке келуші жамағаттың ішінде қайырымдылық шаралары жиі атқарылып тұрады.

 

- Мешіттердің атқарып жатқан жұмыстарының бірі - ол қайырымдылық шарасы. Мешіт – құдайға мәнажат жасалынатын жер.

 

Дегенмен, сол мешітке келуші және өзге де қол ұшын беруші азаматтардың көмегімен апта сайын қайырымдық шаралары өткізіледі. Қайырымдылық шарасының бағыттары да әр түрлі болуда. Қаражат, азық-түлік немесе басқа да түрлері бар. Биыл екі отбаасыға үй салынып берілді, ал қазір тағы да екі отбасыға үй салынуда - деді С.Сейтбеков.

 

Суреттерді түсірген Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему