Жаңаөзен қаласында жылына орташа есеппен 3700-ге жуық бала дүниеге келеді
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 09:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзен қаласында жылына орташа есеппен 3700-ге жуық бала дүниеге келеді

30 Октября 2019 (11:39) | 6777 | Автор: Нурганым Имашева

Жаңаөзен қаласының Бас жоспары бойынша халық саны 2035 жылға дейін – 200,0 мың адамға, 2025 жылға дейін – 150,0 мың адамға дейін өсім көрсетілген.

 

 

Қаланың Бас жоспарына сәйкес, қаралған жер ресурстары таусылды деуге болады және бүгінгі күні жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа жерді бөліп беру мүмкіндігінің жоқ екендігі айқын. Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар Қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлімдеді.

 

«Мұнайшылар қаласының жалпы аумағы 0,515 мың шаршы шақырымды, облыс аумағының 0,3%-ын құрайды. Жаңаөзен қаласының әкімшілік-аумақтық құрамына Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдары кіреді. «Халық санының ықшамдауын есепке алумен, мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатырған құрылыс саласындағы өзгерістерді іске асыру мақсатында, Жаңаөзен қаласын салудың 2025 жылға дейінгі Бас жоспары қайта жасақталып, Жаңаөзен қалалық мәслихаттың 26.09.2012 жылғы №9/78 шешімімен мақұлданып, облыстық мәслихаттың шешімімен 07.12.2012 жылғы №7/91 шешімімен бекітілді. Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту – Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасын, «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына», «Жаңаөзен қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру арқылы жүзеге асырылуда», -деді Мақсат Оңғарбайұлы.

 

Оның айтуынша, «Ағымдағы жылдың 10.04.2019ж. №176 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарында мынадай шаралар қабылданған:

 

- Жаңаөзен қаласының шамадан тыс қоныстану проблемасы шешу;

 

- Мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

 

- Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

 

- Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру;

 

- Жаңаөзен қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау.

 

Бұл мәселелер экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған және де қаланың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

 

Сондай ақ, белсенді шағын кәсіпорындардың санын көбейту, жаңа жұмыс орындарын құру, күнкөріс және жұмыссыздық деңгейін төмендету, апаттық тұрғын үйлердің санын азайту күтілуде, сондай - ақ инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады». Жаңаөзен қаласының даму әлеуеті орташа моноқала болып айқындалды.

 

Демографиялық әлеует мәселесі де қозғалды. Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің халқының саны 2019 жылдың 1 тамызға152,7 мың адамды құрайды, оның ішінде қала халқы – 81,2 мың адам, ауыл халқы – 71,5 мың адам(2018 жылы -151,1 мың адам, 2017 жылы – 147,9 мың адам), облыс бойынша халық санының 22,4% құрады. Халық санының динамикасы: 1991 жылы - 57,6 мың адам, 2000 жылы - 66,0 мың адам, 2005 жылы - 79,4 мың адам, 2010 жылы - 118,7 мың адам, 2015 жылы – 140,6 мың адам, 01.08.2019ж. – 152,7 мың адамды құрады. Халық санының бұрынғы жылдардағы негізгі өсімі ТМД елдерінен келген қандастарымыздың есебінен болған. Соңғы жылдары халық саны - табиғи өсімі негізінде қарқындап өсуде. Жылына орташа есеппен 3700-ге жуық бала дүниеге келеді,-деп мәлімдеді қала әкімі.

 

Жаңаөзен қаласы халқының 2019 жыл басына жекелеген этностары бойынша саны 151 098 тұрғынның: 149092 қазақтар (98,7%), 1008 орыстар(0,7%),27 әзербайжандар, 10 украиндар, 90 лезгиндер, 65 татарлар, 1 армян, 11 чечендер, 48 корейлер, 271 қарақалпақтар, 223 өзбектер, 48 қырғыздар, 13 осетиндер, 6 удиндер, 185 басқа да ұлттар.

 

 

Фото газет мұрағатынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему