2024 жылдың 27-ші қарашасында «JOO School Aktau» мектебінен ашылған «Жас құтқарушылар» сыныбының 15 оқушысы Ақтау қаласының өрт сөндірушілер мұражайына қызықты экскурсия жасады
28 Ноября 2024 (10:32) | 4436
|
Автор: Редакция
Оқушылар музейдегі жәдігерлерді қызыға тамашалап, көне өрт сөндіру құралдарымен танысып, басқа адамның өмірін құтқару барысында қаза тапқан батыр өрт сөндірушілер жайында білді.


Өрт сөндіру қызметкерлерінің күнделікті тыныс-тіршілігімен, алғашқы өрт сөндіру құралдарының маңыздылығымен және өрт сөндіру автокөліктерімен таныстырылып, оқушыларға өртке қарсы және апаттық құтқару жұмыстарына қолданылатын құрал-саймандармен қалай жұмыс жасайтындығы жөнінде кеңінен ақпараттандырды.


Оқушылардың азаматтық қорғау органдарының қызметіне қатты қызығушылық танытып, естелік суретке түсті.
Алдағы уақытта осындай жұмыстар жалғасын табатын болады.


будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



